Іс-әрекет теориясы ХХ ғ. 20-ж. соңы мен 30-ж. басында дами бастады. Бұл теорияның негізгі ерекшелігі – ол диалектикалық материализмнің қағидаларына сүйенеді, яғни осы философиялық бағыттың негізгі тезисін ұстанады: сана болмысты, адамның іс-әрекетін анықтамайды, керісінше, болмыс пен адамның іс-әрекеті оның санасын анықтайды. Іс - әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасын бейнесі ретінде сипаттайды. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса, теріс эмоциялар болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы Э.Фрейд, У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған.
Бақылау сұрақтары: Ішкі және сыртқы психикалық іс-әрекет қалай қатынасады?
Адам іс-әрекетінің динамикасы мен құрылымы қандай?
Танымдық процестің дамуы іс-әрекетпен қалай байланысады?
Іс-әрекет құрылымын тұрақты, анықталатын, не өзгермелі екенін талдаңыз?
Әдебиеттері: Гордеева Н.Д. Зинченко В.П. Функциональная структура действия. М., 1982.
Жақыпов С. Жалпы психология негіздері. Дәрістер курсы. Алматы: Қазақ университеті, 2008.
Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. М., 1975.
Леонтьев А.Н. Системный анализ в психологии //Психологический журнал. 1991. №4.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2001.
Cмирнов С.Д. Общепсихологическая теория деятельности: перспективы и ограничения //Вопросы психологии. 1993. №4.