2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


ветеринариялық-санитариялық сараптамасы



бет134/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
1300. Тұяқ серпер күйде, ауру немесе сау жануар етінің шығу тегін органолептикалық және зертханалық зерттеу әдістерімен анықтауға болады.
1301. Ветеринариялық-санитариялық сараптаманың, бактериологиялық және физикалық-химиялық зерттеудің нәтижелері бойынша тағамға пайдалануға жарамды деп танылса амалсыздан сойылған малдың етi мен басқа да өнімдері пiсiруге немесе еттен жасалған азық немесе консервi (гуляш, ет паштеті) дайындауға жіберіледі. Еттi және сойғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді алдын ала залалсыздандырмайынша, қоғамдық тамақтандыру орындарына (мейрамхана, асхана және басқалары) шикi күйінде жiберуге жол берілмейді.
1302. Органолептикалық әдiс. Өлген, ауру не тұяқ серпер күйде сойылған малдың етiн анықтауда мынадай сыртқы белгілерін ескереді:
1) бауыздалған жердiң жағдайы. Қалыпты физиологиялық күйде сойылған малдың бауыздалған жері тегiс емес, ұшаның басқа жерлеріне қарағанда қан көп мөлшерде сiңген болады, ал тұяқ серпер күйде сойылған немесе арам өлгеннен кейін сойылған малдардың бауыздалу жері тегiс, қан мөлшерi басқа бұлшық еттердегідей дәрежеде сіңеді.Егер, бауыздалған жері жақсылап тазартылып немесе шауып тасталса, бұл белгiлер бiлiнбей қалу салдарынан ескерiлмейдi;
2) ұшаның қансыздану дәрежесi. Қансыздану дәрежесiн әртүрлi тәсілмен анықтайды:
1-тәсіл - жай көзбен сiрi қабықтың астындағы үлкен және кiшi қан тамырларында және бұлшық еттерде қанның бар жоғын анықтайды;
2- тәсіл - тіліп жіберіп микроскоппен қарайды;
3- тәсіл - гемоглобиндi-пероксидазалық сынамасын қояды.
Төрт түрлi қансыздану сатылары болады: жақсы, қанағаттанарлық, нашар және өте нашар.
Жақсы қансызданғанда бұлшық еттерде және қан тамырларында қан болмайды, iшкi қабықтардағы қан тамырлары көрiнбейдi, бұл еттің сау малдан алынғандығын куәландырады.
Қанағаттанарлық қансыздануда қан тамырларында аз ғана ұйыған қан, бұлшық еттерде қан жоқ немесе сәл басқанда қан шығуы мүмкiн. Iшкi қабықтарда қан тамырлары нашар көрiнiп тұрады.
Нашар қансыздануда бұлшық еттердi кескен кезде бөлшек көлемдi ұйыған қан болады. Қан тамырларында қалған қан кездеседi; iшкi қабықтарда кiшкене қан тамырлары көрiнедi, бұлшық еттi кескен жерде басып қарағанда қара қан түйiршiктерi көрiнедi. Әдетте, ауру жануарлардың ұшасы нашар қансызданады.
Өте нашар қансызданған кезде iрi және ұсақ қан тамырлары қанға толы болады; iшкi қабықтарда қан көрiнедi, iшкi қабықтардың түсi қызыл-көк; бұлшық еттердің тіліктерінде қою қызыл жерлер көп болады, қан тамшылары шығып тұрады. Тұяқ серпер күйде сойылған не ауыр патологиялық жағдайда сойылған жануарлардың ұшасы әрдайым нашар қансызданады;
3) гипостаздардың болуы. Ауру жануарлардың қаны алдымен қан тамырларында тұнып, кейiн қан тамырларының жұқару салдарынан етке өтiп, қоршаған тіндер қызыл-көк түске боялады. Гипостаз өлекседе, ауру жануардың ұшаларында және тұяқ серпер күйде сойылған жануарларда кездеседi. Гипостаз жануардың жатқан жағында орналасады. Сол себептi ұшаны аударыстырып қарау керек;
4) лимфа түйіндерiндегі өзгерiстер. Адал сойылған не дер кезiнде мүшеленген малдардың лимфа түйіндерiнiң кесiндiсi ашық сұр не күлгiн сары болып көрiнедi. Сойылған мал ауру не тұяқ серпер күйде сойылса лимфа түйіндері күңгiрт-қызыл болып көрiнедi. Бұның себебi лимфа түйіндерiнiң ұсақ қан тамырларында ұйыған қан болуы, олар қан тамыры қабырғалары арқылы синустарға енiп, оны қызыл түске бояйды. Ауру жануарлардың ағзасындағы қышқылдану процестерiнiң нашар жүруiне байланысты көмiр қышқылы пайда болып, ол ағзаны көгiлдiр түске бояйды.
Аурудың түрлерiне байланысты лимфа түйіндерiнде әртүрлi сипаттағы патологиялық өзгерiстер байқалады (атрофия, гипертрофия, қан құйылу, iсiну, гиперемия және т.б.).
1303. Ет ауру және тұяқ серпер күйде сойылған малдан алынған деген күдiк болса, бактериологиялық талдаудан басқа, физикалық-химиялық зерттеу жүргiзіледі; рН анықталады, пероксидазға реакция қояды, ал iрi қараның етiне формалин сынамасын (бейтарап формалинмен реакция) да қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет