2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары



бет130/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

тексеріп қарау тәртiбi
1222. Сойылатын жануарлардың санатына жататындар: iрi қара мал (енеке мен қодасты қоса алғанда) шошқа, қой, ешкi,бұғы, үй қояны, жылқы, есек, қашыр, түйе, үй құстарының барлық түрлерi.
1223. Союға сау ауыл шаруашылығы жануарлары жiберiледi.
1224. Етке мынандай:
1) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 тіркелген) бекітілген жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiне еңгізілген тауарлар бойынша сіреспе, брадзот, қой энтеретоксемиясы, ipi қара мал мен қойдың катаральді қызбасы, ботулизм ауруларына шалдыққан күдікті болған;
2) тұяқ серпер күйіндегі жануар;
3) вакцина егiлген, сондай-ақ, сібір жарасына қарсы емдеу жүргізілген жануарларды екпеден (емделгеннен) кейiн күнтізбелік 14 күн бойы, аусылға қарсы инактивацияланған вакцина егiлген жануарларды 21 күн бойы, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылған жануарларды;
4) маңқаға маллеинизация өткізілмеген жылқыны;
5) туғанына күнтізбелік 14 күн толмаған жануарларды, клиникалық ауру жануарларды, ауруының диагнозы белгiленбеген жануарларды, дене температурасы төмен немесе жоғары және жұқпалы емес ауруы жануарларды;
6) сояр алдындағы тексерiп қарамай;
7) ветеринариялық препараттармен өңделген жануарлардың етіндегi рұқсат етiлетiн ең төменгi мөлшерге (РЕтМ) және сою мерзiмiне сәйкес келмейтін жануарларды союға жол берілмейді.
1225. Жануарлар мен құс саудасы жүзеге асырылатын ішкі сауда объектілерінде жануарлар тірідей сатылған кезде олар ветеринариялық тексеріп қарауға жатады.
2-параграф. Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен
iшкi ағзасын тексеріп қарау
126. Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен iшкi ағзасын тексеріп қарау мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) басын зерттеу: басты ұшадан бөліп алады, тiл жақ астындағы кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп оны ұшынан және екi жанынан тіледi. Ерiндi, тiлдi және ауыз қуысының шырышты қабықтарын қарап, қолмен ұстап тексередi. Тiлдi ашамен ұстатып, жем-шөп қалдықтары мен сiлекейден пышақтың сыртымен тазалайды. Егер тiлде көзге көрініп тұрған патологиялық өзгерiстер болмаса, оны кеспейді. Жақтың, жұтқыншақтың (орта және шеткi) құлақ түбiнiң лимфа түйiндерiн ашып тексередi
Жақтың бұлшық еттерiн екі жағынан да олардың сыртына қарама-қарсы бүкіл ені бойынан жалпақ етіп (сыртқысын - екі, ішкісін - бір тілікпен) тіліп, тексеріп қарайды;
2) іш құрылысын (кеңірдегімен бірге өкпесін, жүрегін, өтімен бірге бауырын, диафрагмасы мен өңешін) зерттеу: өкпесін сыртынан қарап, ұстап көреді. Қабырға ортасындағы краниальдық, орта, каудальдық және бронхылық, сол жақтағы, оң жақтағы, тархеобронхылық лимфа түйіндерін ашады. Кеңiрдек пен бронхты және өкпе паренхимасын әрбір өкпенi ұзына бойына iрi бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексередi;
3) жүректi зерттеу: жүрек қабын ашады, жүректiң сыртқы сiрi қабығы және жүрек қабынның жай-күйін тексередi. Содан кейiн жүректiң оң және сол бөлiгiн қиғашы бойынан тiледi, бiр уақытта жүрек қарыншасымен қабығын ашады. Жүректiң бұлшық ет қабатын, эндокарддың, жүрек қан қалқаны мен қанының жай-күйін қарайды. Жүрек бұлшық еттерiн тесiп алмай ұзына бойына және көлденеңiнен бiрнеше тiлiктер жүргiзедi (цистицеркозға);
4) бауырды зерттеу: бауырды қарап тексередi, көк ет және висцералды жағынан ұстап қарайды. Көк ет бауырға кіріге өскен жағдайда, оны ажыратып, патологиялық өзгерістердің (абцестердің) бар-жоғы тұрғысынан паренхиманы тексередi. Порталды лимфа түйiндерiн тiлiп қарайды және висцералды жағынан өт жолына қарай тесiп алмай 2–3 рет тiледi;
5) көк бауырды зерттеу: көк бауырды сыртынан қарап тексередi, содан кейiн бойлай тiледi және оның сыртқы түрi мен пульпаның консистенциясын анықтайды;
6) бүйректi зерттеу: бүйректi капсуладан шығарады, қарап тексереді және ұстап көредi, патологиялық өзгерiстер табылған жағдайда, тiледi, сонымен бiр уақытта бүйректiң лимфа түйiндерiн ашады;
7) желiндi зерттеу: желiндi қолмен мұқият тексередi, қарама-қарсы 1-2 жерден терең тiлiк жасайды. Шатының үстіндегі лимфа түйiндерiн ашып тексередi;
8) асқазан мен ішек-қарынды зерттеу: оны сiрi қабығы жағынан қарайды. Асқазан мен шажырқайдың бiрнеше лимфа түйiндерiн кесiп көредi. Керек болған жағдайда, шырышты қабығын ашып қарайды;
9) жатырды, аталық ұрық бездерiн, қуықты және ұйқы безiн зерттеу: қарап тексередi, керек болған жағдайда ашып кеседi;
10) ұшаны зерттеу: ісінудің, қан ұюының, өсiндiлердің, сүйек сынықтарының және басқа да патологиялық өзгерістердің болуына көңiл аудара отырып, ұшаны сыртқы және iшкi жағын қарайды. Қабық пен ішперденің жай-күйін айқындайды. Қажет болған жағдайда, лимфа түйіндерiн сырттай және кесiп қарайды, сондай-ақ жекелеген (цистицеркозға – мойынның, белдеменiң, анконеустың) бұлшық еттерді кеседі;
11) ұшаның негiзгi лимфа түйiндерiн тексеру: мойынның артқы терең безi, қабырға-мойын, топшы асты, бiрiншi қабырға, топшы астының өзін (қолтық асты немесе жауырын асты), мойынның сырты, төстiң алдыңғы (жұп немесе тақ), төстiң үстi (қабырға арасындағы), қабырға аралық, үстiңгi орта қабатты, астыңғы орта қабатты, тізе қатпарларындағы (тізе тобындағы), белдiң, бүйірінің сыртқы (жамбастың кемiк басы) лимфа түйiндерi, бел, бүйірінің сыртқы (домалақ жілік), бүйірдің медиалды, бүйірдің латералды (жамбас алды), терең шап, жамбас лимфа түйiндерi.
Бұзаулардың кiндiгiн де қарайды және аяқ буындарының бастарын (алдыңғы және артқы сирақ сүйектері) тіліп ашады.
3-параграф. Ұсақ малдың ұшасы мен iшкi ағзаларын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет