сараптамасы
1279. Тыныс мүшелерiнiң аурулары (бронхит, бронхопневмония, пневмония, плевропневмония) кезінде инфекциялық аурулардың бар-жоғын анықтау керек. Зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады. Пневмония, плеврит болған жағдайда және процеске лимфа түйiндерi тартылған жағдайда, еттi және басқа сойылған өнiмдерді санитариялық бағалау туралы шешiм бактериологиялық зерттеу нәтижесiне қарай шешiледi. Өкпенiң аспирациясы кезінде, оны кәдеге жаратады.
1280. Қан айналым мүшелерiнiң аурулары (созылмалы перикардит травматикалық перикардит, миокардит) кезіндеіІріңді перикард, тіндерде және төс қабырғасында іріңді ісік, іскендік, гидремия, сарғаю анықталған кезде, сондай-ақ көтерем ұшаны және ішкі ағзаларды кәдеге жаратады. Перикардта, эпикардта, өкпеде, төс қабырғасында патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, жарақатталған мүшелердi кәдеге жаратады, ал ет пен союдан алынған басқа өнiмдерді пайдалану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
1281. Бауыр аурулары (цирроз, капиллярды экстазия, майлы дистрофия, iрiңдер) кезінде іріңді қабыну, айқын білінетін цирроз, өзгеру, сарғаю, ісіктер және басқа да бауыр паренхимасының патологиялық өзгерiстерiнде бауырды кәдеге жаратады. Бауырдың бiрлi-жарлы зақымданған жерлерін алып тастайды. Бауырдың зақымданбаған бөлшектерiн, сондай-ақ капиллярлық экстазиясы анық бiлiнбейтiн болса, бауырды кедергiсiз жiбередi.
1282. Бүйрек аурулары (нефрит, нефроз, киста, бүйрекке тас тұру, iсiк, бұзаулардың "ақ бүйрек" ауруы) кезінде нефриттiң, нефроздың, көптеген кистаның, iсiктердiң, бүйрек тастарының барлық түрлерiнде бүйректердi кәдеге жаратады.
"Ақ бүйрек" ауруында, iрiңді нефритте, басқа мүшелерде патологиялық өзгерiстер анықталған жағдайда, еттi қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
1283. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары кезінде патологиялық өзгерiстерi бар ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады. Патологиялық өзгерiстерi жоқ ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді санитариялық бағалау бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзiледi.
1284. Перитонит кезінде патологиялық өзгерiстерi бар iшкi мүшелер мен тіндердi кәдеге жаратады. Союдың басқа өнiмдерiн қайнатады.
1285. Жаңадан шыққан iсiктердi зерттегенде оларды қатерсіз (фиброма, миксома, миома, неврома және тағы да басқалары) және қатерлі (саркома, карцинома және тағы да басқалар) деп бөледi. Қатерлі, сондай-ақ қатерсіз көптеген жаңадан шыққан iсiктерi бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерiн кәдеге жаратады. Зақымданбаған ұша бөлшектерiн қайнатуға жiбередi, зақымдану ауқымды болса және зақымданған жерлерін алып тастау мүмкiн болмаса, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады.
Бiрлi-жарым қатерсіз iсiктер кездессе, зақымданған жерлерiн алып тастайды, ал ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
1286. Зат алмасуда пайда болатын аурулар (гидремия). Бұлшық етте iсiк болған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
1287. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерi мен құстардың ақ ет ауруы. Бұлшықетте дегенеративті өзгерiстер (iсiк, түссiздену, босау) анықталған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Бұлшық еттегі өзгерiстер нашар байқалатын болса (түсі ақшыл-қызғылтым) немесе мүшелерде және бұлшық ет бөлшектерiнде патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, етті бағалау сальмонеллалардың бар-жоғын бактериологиялық зерттеуден кейiн iске асырылады. Сальмонеллалар болмаса ұша мен зақымданбаған мүшелердi қайнатылған немесе қайнатылып-ысталған шұжықтарға айналдырып қайнатады, ал зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады.
1288. Уремия кезінде ұша мен сойылғаннан алынған басқа өнiмдерi кәдеге жаратылады.
1289. Сарыауру кезінде сары түс екі тәулік ішінде кетпейтiн болса ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Сары түс кеткен жағдайда, етті санитариялық бағалау бактериологиялық зерттеу нәтижесiне қарай жүргізіледі. Азықтық және жасына қарай болған сары ауру кезінде еттi шектеусіз жiбередi.
1290. Iрiңдi қабынулар кезінде жайылған флегмона, ауқымды некроздар байқалғанда, мүшелерде, тіндерде, лимфа түйiндерде абсцесс болса, мүшелердi кәдеге жаратады. Паринхематозды мүшелерде көптеген абсцесс байқалса, зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады, ал ұшаны бағалауды бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарай жүргiзедi. Бiрлi-жарым абсцесс және біршама iрiңді жара болса және қоршаған тіндерде және лимфа түйiндерінде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, зақымданған мүшелер жарамсыз деп табылады, ал етi бактериологиялық зерттеуге жiберіледi.
Жарақаты шамалы жансыз (гангреналық) бөлшектер және олардың маңындағы тіндер кәдеге жаратылады, ал ұша бактериологиялық зерттеуге жiберіледi. Тіндер немесе мүшелердің жарақаты ауқымды болса және ағзаға уыты жайылып кетсе, ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады.
1291. Жарақаттар (жаңадан пайда болған жарақаттар) кезінде жаңадан пайда болған жарақаттар кезінде, сүйек сынған, елеусіз қан ұйыған, қоршаған тіндерде және лимфа түйiндерiнде қабыну болмаған жағдайда, қан сiңген тәндерді алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
1292. Күйiктер кезінде кең жайылған күйiктер кезінде ұшаның жарақатталған бөлшектерiн алып тастайды және кәдеге жаратады. Ұшаның жарақатталмаған бөлшектерiн санитариялық бағалауды бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiне қарай өткiзедi. Iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Күйiк болмашы болған жағдайда, бөліктерді бөліктерді алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
1293. Жануарлардың улануы кезінде ет пен жануарлардан алынатын өнiмдерде мынадай қалдықтар болған кезде, олардың мөлшеріне қарамастан, тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi: цианид, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлораль несепнәрі, полихлоркамфен, альдрин, тетраметилтиурамдисульфид, дидихлорвинилфосфат, цинеба, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, уарбофос, құрамында сынабы бар пестицидтер, құрамында мышьяк бар препараттар және гербицидтер.
Егер етте уытты заттардың қалдығы шекті рұқсат етiлген мөлшерден төрт өлшемнен немесе химикаттардың қалдығын анықтаудың ресми тәсiлдерінiң сезгіштігінің төрт шегінен аз болса болса, етті жануарға құрғақ азық етіп өңдеуге жiберуге болады.
Бұлшық еті тінінде улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса, етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi және миын кәдеге жаратады. Жануарлар фтор препараттарымен, мырыш пен мыс тұздарымен, хлорлы натриймен және калиймен, қышқылдармен және сiлтiмен, газ тәріздес заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұншықтырғыш газ, хлор және тағы да басқалары), несепнәрмен, алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, құрамында сапонин бар өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселермен немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет пен сойылғаннан алынатын басқа өнiмдер бактериологиялық, қажет болса, физика-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады.
1294. Нитраттармен және нитриттермен улану кезінде уланған жануарларды союға клиникалық сауығудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат етiледi. Амалсыз сойылған жануарлардың етi нитраттар мен нитриттердің қалдық мөлшерiн анықтай отырып бактериологиялық және биохимиялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық зерттеу теріс нәтиже берген және 100 милиграмм/килограмм нитраттың немесе 10 милиграмм/килограмм нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi одан көп болса, еттi 5 есе сау малдардың етiмен араластыру шартымен қайнатылған шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шартты орындауға мүмкiндiк болмаса, еттi кәдеге жаратады.
1295. Малдардың радиациямен зақымдануы кезінде орта және ауыр дәрежеде радиялық зақымдануға ұшыраған, сәулелi аурулардың патологоанатомиялық өзгерiсi бар кезде сойылған малдардың еттерiн амалсыз сойылған мал еттерiне ұқсас бағалайды, микрорентгендерде мiндеттi түрде бактериологиялық және радиометриялық зерттеулер жүргiзедi. Iшкi және жеңiл сәулеленуге ұшыраған жануарлардың ұшалары мен одан алынған өнiмдерге радиометрия жүргiзедi. Егер де оларда патологиялық өзгерiстер болмаса радиометрияның қорытындысы бойынша, ұшаны және басқа союдан алынған өнімдерді екі топқа бөледi:
1) радиоактивтi заттармен жол берілетін концентрациядан аспайтын мөлшерде ластанған тамақ өнiмдерi (кедергiсiз жiберiледi);
2) жол берілетін концентрациядан асып кетсе, дезактивация жүргізіліп (еттi сүйектен бөлiп алу, қайнату, тұздау және ұзақ уақыт мұздату), кейіннен қайтадан радиометрия жүргiзіледi.
1296. Нормадан ауытқушылықтары бар ет:
1) иісі мен дәмі өзіне тән емес ет (жемшөп иісі мен татымы жануарлар сойылғанға дейін аз уақыт бұрын иісі қатты шығатын (қызылша, шалқан, тарна және басқалары) немесе ащы татымды (жусан және басқалары) өсімдіктермен немесе балықпен және оның қалдықтарымен, сондай-ақ бұзылған жемшөппен азықтандырылған жағдайда туындайды). Қайнату кезінде иіс күшейеді. Жыныстық жағынан жетілген, піштірілмеген немесе сойғанға дейін аз уақыт бұрын піштірілген еркек малдың етінде жағымсыз иіс болады: текеде – тердің иісі, еркек шошқада – тұрып қалған зәрдің иісі, бұқада – сарымсақтың иісі болады. Әртүрлі патологиялық процестер (флегмон, күкірт қышқылды андигрид, тұншықтыратын газ, хлор және басқалары) болған кезде, сондай-ақ иісі бар дәрілік заттарды пайдаланған кезде, еттер иісі бар заттармен (мұнай өнімдері, химиялық заттар) бірге сақталған кезде де етте жағымсыз иіс пен дәм пайда болуы мүмкін.
Етте 48 сағат өткенше кетпейтiн балықтың, қайнатып көргенде кетпейтін зәрдiң, дәрi-дәрмектiң, балық майының иісі немесе етке тән емес басқа да иістер болса, ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Қайнатып көргенде 48 сағат өткенше кетпейтін ащы татым немесе нәжіс иісі болса, ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
2) түсі етке тән емес ет:
липохроматоз (май қыртыстарының қалыптан тыс сарғыш түсі). Басқа патологиялық өзгерістері болмаса, жасына немесе азықтандырылуына байланысты сарғыш түсі бар ұша мен союдан алынған өнімдер шектеусіз шығарылады. Екі тәулік ішінде кетпейтін азықтандырылуына байланыссыз барлық тіндерінің сарғыш түске боялуы болса, ұшасы және iшкi мүшелерi кәдеге жаратылады.
лилапоз (күрең түс) тіндерде меланин пигментiнiң қабаттануынан, көбінесе, iрi қара және ұсақ малда пайда болады. Меланин пигментi әдетте бауырда, өкпеде, лимфа түйiндерде және тер асты өзектерінде қабаттанады. Меланоз жұққан жекелеген мүшелердi кәдеге жаратады, ал ұшаны ешбiр шектеусіз жiбередi.
1297. Құрамында бөгде заттар бар ет – қойдағы дерматоидты кисталар (селеу тұқымы, бұлшық eттepдeгі әк шөгіндісі).
Әк шөгіндісі бар немесе бөгде заттар бар мүшелер және бұлшық еттiң жекелеген бөлшектерi кәдеге жаратылады. Капсуламен қоршалған дерматоид кисталар алып тасталады, ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Селеу тiкенектерiмен қатты жарақатталған iшiнде абсцесс немесе басқа қабыну өзгерiстері болса, қойлардың ұшасын кәдеге жаратады.
1298. Арықтаған және көтерем жануарлардың етi. Май жиналатын жерлерде немесе бұлшық еттерде іркілдек ісік арыған болса арықтауға әкеп соқтырған себептерiне қарамастан не бұлшық еттер семген немесе дегенеративті өзгерістерге ұшыраған және лимфа түйіндері iсiнген болса, ұша және iшкi мүшелер кәдеге жаратылады.
Көтерем болуға таяу еттерді бағалау бактериологиялық сараптамадан кейiн жүзеге асырылады.
1299. Жетiлмеген бұзаудың, қозының, торайлардың етi (туғанына 14 күн толмаған жас жануардан алынған ет). Сойылған жануарлардың жас төлден алынған етi кәдеге жаратылады.
9-параграф. Амалсыз сойылған жануарлардың ұшасы мен мүшелерінің
Достарыңызбен бөлісу: |