жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 76. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға жол берілмейді:
1) жануарларды және құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге және шығаруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды және құстарды қайта топтастыруға;
3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз және аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне;
5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға және азық дайындауға;
6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді.
77. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру және ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді.
Сальмонеллезбен ауырған жануарлар және құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қора-жайларда және жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi.
78. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан және аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды.
9-тарау. Трихофития (дерматомикоз, бұзау таз) ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда