және қолайсыз пункттерде жүргізілетін шаралар тәртібі 88. Ақырғы диагноздың қорытындысы бойынша ауру шыққан шаруашылық субъектілерді, елді мекендерді осы аурудан таза емес деп жариялап, шектеу қойылады.
89. Шектеудің шарты бойынша жол берілмейді:
1) таза емес шаруашылық субъектілерде малдарды әкелуге, союға жіберілген малдардан басқасын шығаруға жол берілмейді;
2) ветеринариялық инспекторлардың рұқсатынсыз малдарды араластыруға;
3) лажсыз рикетсиозбен ауырып сойылған малдардың етін қолдануға. Мұндай малдардың еттерін ветеринариялық - санитариялык тексеру және оларға санитарнялык баға беру Ережесіне сәйкес колданады;
4) ауру малдармсн бір жерде болган немесс жүгуы мүмкін дсп табылған күдікті жем- шөпгсрді тасымалдауға.
90. Рикетсиоз ауруына күдікті малдарды төлдету жеке бөлмелердс жүрілуі тиіс, төлдегеннен соң шуларын, өлі туған төлдерді жойып, соңынан тиянақтап бөлмелерді, құралдарды дезинфекциялайды.
91. Бөлмелерді және құрал-саймандарды дезинфекциялауға Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттар қолданылады. Бөлмелерді дезинфекциялау шектеу алынғанша әр күнтізбелік 5 күн сайын жүргізіліп тұрады.
92 Бөлмелерде дератизациялык және дезакаризациялық шаралар жүргізіледі.
93. Рикетсиозбен ауырған малдардың (кой, сиыр, ешкі) сүттерін 3-5 минут кайнатып малдарға азық ретінде береді. Қолайсыз пункттерден алынған клиникалық сау малдардың сүттерін пастеризациядан кейін ғана қолданады.
94. Рикетсиоздан қолайсыз пункперден жүндерді, ешкі түбіттерін тығыз бұлдармен қаптап тікелей өндейтін өндіріс орындарына (дайындайтын пункттерге жинамай) жіберіледі. Жөнелту құжаттарында шаруашылық субъект риккетсиоздан таза еместігін көрсету керек.
Риккетсиоздан қолайсыз пункттерде лажсыздан сойылған немесе өлген малдардан алынған жүн және терілер дезинфекцияланады.
Көң, жем-шөп жене баска қалдыктар биотермиялық әдіспен залалсыздандырылады немесе өртеледі.
95. Таза емес аймақтан шектеу, ақырғы ауырған малдың патологиялық материалдарынан қоздырғыштар бөлгеннен (диагностика жүргізу үшін сойғаннан соң), комплементерді ұзак уақыт бірлестіру реакциясына оң нәтиже бергеннен соң, қорытынды дезинфекция жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейін алынады.
11-тарау. Жануарлар мен құстардың туберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Туберкулездің профилактикасы бойынша жүргізілетін