2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін



бет24/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
137. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жануарлардың аусыл ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

138. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды:


1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады;
2) барлық аусылға сезімтал жануарлардың есебін жүргізеді және оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды карантиндеуден кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады;
3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға және қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын әкелуден қорғауға бағытталған осы Қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың әрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді;
5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды әкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды;
6) шөп маяларын және басқа ірі азықтарды үй және жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады;
7) аусыл вирусының әкеліну қаупі және аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке және заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;
8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді.
139. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері және дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
140. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады.
4-параграф. Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет