2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет32/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141
бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
212. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны;
бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайларда және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдау;
3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу және вакциналау жүргізу үшін жануарларды беру қажет.
Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

212-1. Нодулярлы дерматиттің пайда болуының алдын алу мақсатында ветеринариялық-санитариялық саламатты аумақта іс-шаралар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен жануарларды вакциналауға жол беріледі.


Ескерту. 1-параграф 212-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Нодулярлық дерматитпен (бұлдырмақ ісікпен)


күресу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
213. Нодулярлық дерматит шыққан кезде шаруашылық жүргізуші субъектiге карантин қойылады.
214. Карантиннiң шарты бойынша жол берілмейді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге құстарды қоса алғанда, барлық жануарлар түрлерiн кіргізуге (әкелуге), шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде ветеринария саласындағы маманның рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
3) ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды союға, саууға және етiн, сүтiн пайдалануға.
214-1. Нодулярлы дерматит кезінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
ауру және ауруға күдікті жануарларды жедел оқшаулау;
Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинсекциялық құралдарды пайдалана отырып, қансорғыш жәндіктермен күресу;
қора-жайларды, серуендеу алаңдарын және жануарлар топтасатын басқа да орындарды дезинфекциялау.
Ескерту. 2-параграф 214-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

215. Нодулярлық дерматиттен қырылған жануарлардың өлекселерi терiсiмен бiрге өртеу жолымен жойылуға жатады.


215-1. Эпизоотиялық ошақта және нодулярлы дерматит бойынша саламатсыз пунктте іс-шаралар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген препараттармен жануарларды вакциналауға жол беріледі.
Ескерту. 2-параграф 215-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

216. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин барлық ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды сойғаннан және қорытынды шаралар жүргізгеннен кейiн алынады.


19-тарау. Ірі қара малдың парагрипп-3 ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
217. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерді қоздырғыштың әкелуінен қорғауды;
2) жануарлардың жалпы резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүргізуді;
3) осы Қағиданы қатаң сақтауды;
4) ауруға уақтылы диагноз қоюды;
5) сыртқы ортадағы вирусты жоюды;
6) жаңадан келген жануарларды карантиндеуде ұстауды қамтиды.
218. Жеткізуші шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тасымалдағанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын бұзауларға парагрипп-3 ауруына қарсы профилактикалық вакцина егеді.
219. Жануарларды арнайы жабдықталған көлiкпен жеткiзедi.
220. Шаруашылық жүргізуші субъектiнiң мал шаруашылығы қора-жайларында қажетті микроклиматты қалыпты жағдайда ұстайды және үнемі профилактикалық дезинфекциялауды жүргiзеді.
2-параграф. Шаруашылық жүргізуші субъектiнi ірі қара малдың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет