2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


әкелінуі қаупі бар аймақтағы жүргізілетін ветеринариялық



бет56/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

әкелінуі қаупі бар аймақтағы жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
472. Қауiптi аймақта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) тұрғындарды аурудың таралу қаупi және осыған байланысты жүргізілетін іс-шаралар туралы хабардар етедi. Шошқаларға активтілігі жойылған профилактикалық вакцинаны қолайсыз пункттен карантинді алғаннан кейiн 2 жыл бойы егеді;
2) жануарлардың өсіруін, жануарлардан жасалған өнімдер мен шикізаттардың дайындауын (союын), сақтау мен қайта өңдеуін, сатуын жүзеге асыратын ішкі саудада, қайта өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою алаңдарда немесе мал сою пункттерде, өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтедi;
3) қауiптi аймақтан шошқаларды әкелуге және әкетуге (қайта өңдейтін кәсіпорындарды, сою алаңдары мен сою пункттерін қоспағанда) жол берілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқалардың саудасы Шошқаның везикулярлық ауруына қарсы вакцина еккен кейін күнтізбелік 21 күннен кейiн жүргізеді;
4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады.
3-параграф. Шошқаның везикулярлық ауруын жоя бойынша
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
473. Шошқаның везикулярлық ауруының диагнозы анықталған кезде карантин қойылады.
474. Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына шошқаларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге (жануарларды өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуді қоспағанда);
2) саламасыз пункттен ет комбинаттарына немесе қайта өңдеуге арналған сою пункттеріне, сондай-ақ азықтарды, жабдықтар мен мүкәммалды қоспағанда, шикі шошқа етін және басқа да зарарсыздандырылмаған шошқаларды сою өнімдерін шығаруға;
3) ветеринария саласындағы мамандардың келісімінсіз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды сою және қайта топтастыруға;
4) көлік құралдарын шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерлерге дезинфекциялық дауалаусыз шығаруға;
5) санитариялық дауалаусыз аурудың эпизоотиялық ошағынан қызмет көрсететін персоналдың шығуына;
6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне.
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі түрдегі сою өнімдерін (ет, май, ливер) сатуға жол берілмейді.
Ескерту. 474-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

475. Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық шошқа басын сою тиімсіз болып табылатын қолайсыз шошқа кешендерiнде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, асыл тұқымды зауыттарда күнделiктi клиникалық қарау жүргізеді, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған және ауруға күдiктi барлық жануарларды сояды және қора-жайларды дезинфекциялайды. Қолайсыз шошқаның везикулярлық ауруынан сау және қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі шошқаларға вакцина егiледi.


476. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауыратын және ауруға күдiктi шошқаларды союды ет комбинаттардың санитариялық сою цехтарында немесе ортақ конвейерде, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмайтын қағидаларды сақтай отырып, арнайы жабдықталған сою пункттерiнде (аулаларда) жүргізеді.
477. Шошқаларды союға немесе олардан алынған өнiмдердi қайта өңдеу үшін ет комбинатына және сою пунктіне сұйықтықты өткізбейтін, тығыз шанағы бар көлік құралымен жеткізеді. Жүру жолында елдi-мекендерде тоқтауға, сондай-ақ шошқаны союға жол берілмейді.
478. Шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ ет комбинаты немесе сою пунктi аумағынан шығатын көлiк құралдар мұқият тазаланады және дезинфекцияланады. Жануарларды тиеу және түсiру кезiнде, сондай-ақ жүру жолында шошқаларға қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киiмдерi және аяқ киімдері дезинфекцияланады.
479. Жануарларды сою кезінде пайдаланған жабдықтарды жұмыс аяқталған соң мұқият дезинфекциялайды. Құндылығы аз ағаштан жасалынған құралдарды өртейдi. Сою пункттерiн (аулаларды) тазалайды және дезинфекциялайды.
480. Еттi, қыртыс майды және субөнімдерді пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервi жасауға қайта өңдейді немесе пiсiруге жiбередi.
481. Жануарлардың арық ұшаларды барлық iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ шошқалардың өлекселерiн өртейді немесе ветеринария саласындағы мамандардың бақылауымен техникалық жоюға жiбередi.
482. Жануарлардың терiсiн сылып алмайды, оларды үйітеді немесе жидiтедi. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерiнде жануарлардың зарарсыздандырылатын терiсiн сылып алуға жол беріледі.
483. Барлық орындалған іс-шаралардан кейін карантиндi алар алдында екi рет қорытынды дезинфекцияны жүргізеді.
484. Шошқаның везикулярлық ауруын профилактикалау үшiн активтілігі жойылған вакцина қолданады.
485. Везикулярлық ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру немесе ауруға күдікті барлық жануарларды сойғаннан кейін, сондай-ақ барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
486. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантинді алғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шектеу қойылады, бұл уақыт iшiнде:
1) ет комбинатынан басқа бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына қолайсыз аумақтан тыс шошқаларды және олардың өнімдерін шығаруға және сатуға;
2) сәлемдемемен шошқадан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды жiберуге жол берілмейді.
42-тарау. Шошқа дизентериясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 42-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет