өткізілетін профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 546. Жануарлардың дикроцелиозының профилактикасы үшiн мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жануарлар гельминтокопрологиялық әдiстермен ішінара дикроцелиозге, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықтала отырып, жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, ауру анықталған жағдайда мал басын гельминтокопрологиялық зерттеу және ауру жануарларды гельминтті жою жүргiзiледi;
2) жануарларды ашық құрғақ учаскелерінде жаю және таза бұлақтардан суару қамтамасыз етiледi, сыртқы ортада дамуын ескере отырып, жайылымдардың уақтылы ауысуы қамтамасыз етiледi.
547. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкелу (кіргізу) немесе әкету (шығару) алдында жануарлар дикроцелиозге гельминтокопрологиялық тексеруге түседі, гельминттер анықталған кезде жануарларға гельминтті жою жүргiзiледi және олар толық сауыққанға дейiн бақыланады.
548. Қиды тазарту, оны зарарсыздандыру және мал шаруашылығы қораларын және жайып семірту алаңдарын және жануарлардың экскременттерiмен жанасатын сыртқы ортаның басқа да объектiлерiн дезинвазиялау жүргiзiледi.
2-параграф. Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз аумақта өткізілетін жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 549. Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) жануарларды байлауда немесе байлап бағуда ұстау ұйымдастырылады;
2) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықталған жағдайда ол жерлерге сау жануарларды жаюға рұқсат етілмейді;
3) моллюскалардың (дикроцелийлердiң аралық иелерi) санын азайту үшiн жайылым бұталардан және тастардан тазартылады, дақылдық шөптер егiледi немесе инсектицидтiк препараттармен моллюскаларға қарсы тазалау жүргiзiледi;
4) жыл-сайын қараша-желтоқсан айларында емдiк-сақтандыру гельминтті жою жүргiзiледi;
5) гельминтті жою үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген антигельминтиктер қолданылады.
48-тарау. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің диктиокаулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 48-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
550. Жануарлардың диктиокаулездерінің алдын алу және жою мақсатында жануарлардың иесi және ветеринария мамандары ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
551. Жануарлардың диктиокаулездермен ауыруының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралары барлық мал басын толыққанды жемшөппен, жануарларды азықтандырудың, суарудың және ұстаудың тиісті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады.
552. Жануарларды жайылымды немесе қорада байлап бағу қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектiлерде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жүйелi түрде жақсарту (жерлерді суландыру, оларды тастардан және бұталардан, орман жайылымдарынан, шырпылар мен өсінділерден тазарту), дақылды жайылымдарды жасақтау, сондай-ақ, әрбір күнтізбелік 5-7 күн сайын ашық қораларды ауыстыра отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша шаралар жүзеге асырылуы қажет.
1-параграф. Жануарлардың диктиокаулездерінің профилактикасы