аумақта профилактика ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 867. Құстардың кокцидиозбен ауруының профилактикасы мақсатында:
1) құстарды топтап өсiруге, қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, жас балапандар мен үлкен құстардың араласуына, жем және ауыз судың қимен ластануына жол бермеу;
2) құстарды толыққанды жеммен қамтамасыз ету;
3) құс қораларына құстарды кезектi отырғызуға дайындау кезеңiнде қораларға, серуен алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға дезинвазия жүргiзу;
4) шаруашылық жүргізуші субъектiлердің аумақтары қидан тазарту және оны биотермиялық зарарсыздандыруды жүргiзу;
5) құстарға кезең-кезеңімен кокцидиостатиктердi қолдану қажет.
868. Құстардың балапандары батареялық торларда немесе еденi торланған секцияларда өсiріледi.
869. Құс қораларын, құралдарды және құрал-саймандарды дезинвазияға Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция жүргізеді.
2-параграф. Эпизоотия ошағында және құстардың кокцидиозы бойынша қолайсыз пункте жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 870. Кокцидиоз пайда болған кезде, қолайсыз топтың барлық құс басына кокцидиостатиктер белгіленеді, әлсiз құстар өлтіріледі. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және басқа құстарға күтім жасауға арналған заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
871. Профилактикалық және емдеу мақсатында, тауық балапандары, күрке тауық, қаз және үйрек балапандарына Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
872. Кокцидиостатиктердi қолданудың ұзақтығы эпизоотиялық жағдайға және құстардың балапандарын өсiрудiң әдiстерiне байланысты.
873. Құстардың балапандарын торларда өсiру кезiнде препараттар аурудың залдан келесi залға ауыстырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық мақсатта белгілеу ұсынылады. Қажеттілігіне қарай 3 күндiк үзiлiстен кейiн препараттарды беру курсы жалғастырылады.
874. Құстардың балапандарын едендерде өсiру кезiнде кокцидиостатиктер профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жастағыларынан бастап екi-үш 10-күндiк курстармен аралығында күнтізбелік 3 күннен аспайтын үзiлiспен белгіленеді. Қажеттілігіне қарай препараттарды берудi қайталанады.
875. Бройлерлерді ауыстырылмайтын терең төсенiште өсiру кезінде кокцидиостатиктердi профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жасынан бастап күн сайын қолдану және союға 3-5 тәулiк қалғанда қолдануды тоқтату ұсынылады.
876. Ұзақ уақыт бойы шаруашылықта кокцидиостатиктiң бiр түрiн қолдануға болмайды, өйткені кокцидиилер оған төзiмдiлiк пайда болуы мүмкiн.
81-тарау. Құстың респираторлық микоплазмозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 81-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Респираторлық микоплазмоз ауруының шығуына