ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 814. Жоғары патогенді құс тұмауының жұғу қауіпi туған жағдайда, оның қоздырғышын енгiзбеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi эпизоотияға қарсы шараларды қолданады, оларға сәйкес:
1) қолайсыз мемлекеттердiң аумағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн әкелуге (әкетуге) шектеу енгiзіледі;
2) жабайы және ұшып келетiн құстарды аулау реттеледі (жабайы құстарға аңшылық мерзiмiн реттеу, олардың популяциясын және үй құстарымен жанасу жиiлiгiн азайту мақсатында құстарды атудың санын көбейту);
3) ең алғашқы аурудың пайда болу қаупi төнетiн аумақ анықталады, құс ұстайтын заңды және жеке тұлғаларға енгiзiлген шектеулер туралы тиiстi өкiмдер жiберіледі.
815. Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауы қажет:
1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
816. Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:
1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) радиусi 5 (бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
3) қажет болған жағдайда құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;
4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);
5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;
7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;
8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және жоғары патогенді