2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары



бет132/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

кейiнгi тексеру ерекшелiктерi
1229. Жылқыларда лимфа түйiндерi көптеген ұсақ түйiндерден тұратын қапшық түрiнде көрiнедi. Жылқыда астыңғы жақ бөлінетін бұрыштағы жақ арасындағы кеңiстiкте қосымша тiласты лимфа түйiндерi, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екi басты бұлшықет пен үш басты бұлшықеттің ішкі жағының арасында шынтақ лимфа түйіндері болады.
Жылқының басын зерттеу кезiнде жақтың астындағы және тiлдің астындағы лимфа түйіндерін тіледi, танау қуысы мен мұрынның шабылған жерiн қарайды. Массетерді ашпайды. Өкпе-бауырды тексерген кезде кеңiрдекті, ірі бронхты ашып кеседі және шырышты қабықты қарайды. Барлық бронхиалды, сондай-ақ кеңiрдектi бойлай орналасқан мойынның терең лимфа түйіндерін кеседі. Өкпенiң екi жағынан да екi қисық тiлiктер кеседi, тексеріп қарайды және сол кесiлген жердi ұстап көредi. Жылқы ұшасын зерттегенде қосымша жауырынның iшкi жағынан бұлшық еттерді меланомаға тексередi (әсіресе, сұр жылқыларда). Мүшелер мен ұшаны тексерудің қалған әдістемесі iрi қара малдікі сияқты.
6-параграф. Жануарлардың инфекциялық ауруларын ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық бағалау
1230. Аусыл кезінде сойылған өнімдер жойылуға тиіс.
1231. Ауыздың бөртіп уылуы ауыры анықталған, ауырады деп күдiк тудырған және амалсыз сойылған малдан алынған ет пен басқа да өнiмдер одан әрi өндiрiсте қайта өңдеу үшін пісірілед.
Терiсi дезинфекцияланады.
1232. Шошқаның бөртпе ауруы анықталғанда, ауырады деп күдiк тудырған және жұқты деп күдік тудырған шошқаны союдан алынған ет пен басқа да өнiмдер пісірілген, пісіріліп-ысталған және ысталған-піскен шұжық өнімдері мен консервілер дайындау үшін пайдаланылады. Субөнімдерін қабылданған технологиялық режимдердi сақтай отырып, зельцтер, сілікпе, пiсiрiлген шұжық пен консервілер жасау үшiн пайдаланылады.
Майы ерiтiп алғаннан кейiн сүйек, асқазанның шырышты қабығы, тұяқтар сол шошқа сойылған кәсіпорында жануарлардың құрғақ жемшөбі етіп қайта өңделедi.
Iшектер, қуық пен өңеш Қазақстан Республикасында және/немесе Евразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерітіндімен өңделіп, кейiн сумен шайқап жуылады, содан кейiн өндiрiстiң iшiнде пайдаланылады. Көрсетiлген тәсiлмен зарарсыздандырылмаған ішек-қарын мен басқа да шикiзат жоюға жiберiледi.
Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған және жұқты деп күдік тудырған жануарлардың терiсі дезинфекцияланады.
1233. Iрi қара малдың оба ауруы, ұсақ күйiс малының оба ауруы. Осы аурулар анықталған жағдайда, сойылған малдың ұшасын, қанын, терiсiн және барлық қалған өнiмдерiн өртеп жояды.
Обадан ауырып жазылған малды сойған кезде, оның еті мен субөнімдерін пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiбередi.
Терiсi дезинфекцияланады.
1234. Түйе обасы анықталғаннан кейiн түйе ұшасын және басқа өнiмдердi (оның ішінде терiсiн) жояды.
Басқа жануарларды сойғаннан кейін алынған, ауру жануардың немесе онымен қатар болған жануардың сойылған өнімдерімен араласып кеткен белгісіз өнімдердің бәрі (аяқ, желiн, құлақ, қан және басқалары) жойылады.
1235. Iрi қара малының жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы – ұшасы және зақымданбаған iшкi ағзалары қайнатуға немесе пісірілген шұжықтар мен консерві жасау үшін қайта өңдеуге жiберіледi.
Патологиялық өзгерiстерi бар ағзалары жойылуға жiберіледi.
Iшектерi тазаланып, тұздықпен консервіленген соң, жалпы негiзде пайдаланылады.
Ауру ірі қара малдан алынған терi дезинфекцияланады.
1236. Қой мен ешкiнiң түйінді жұқпалы дерматитi (контагиозды эктима) – ауру зарарсыз iсiк түрiнде болса, патологиялық өзгерiстер болған жерiн, ісіп кеткен тіндерін алып тастағаннан кейiн, мал ұшасы мен iшкi ағзалары өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.
Геморрагиялық және гангреналы түрi болса, ұшаны iшкi ағзаларымен бірге жоюға жiбередi.
Терiсi дезинфекциялануға тиіс.
1237. Блутанг (көк тіл, инфекциялық катаралды безгек) ауруының бірлі-жарым жағдайлары алғаш рет анықталған кезде сойылған барлық өнiм жойылады.
Жануарлар жаппай ауырған кезде сойылған жағдайда, сойылған ет пен басқа мүшелері өндiрiстiк қайта өңдеуге немесе қайнатуға жiберiледi. Ұшасы дистрофиялық өзгерiске ұшыраған, терi асты өзегіне қан ұйыған немесе қатты арық ұшалар, iшкi мүшелерi, басы мен аяқтары жоюға жiберіледi.
Блутангпен ауырған немесе ауырды деген күдік тудырған малдың терiсi дезинфекцияланады.
1238. Малдың күл ауруы. Залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса және пустулалар жазыла бастаса, ірi қара малдың, қойдың, ешкiнің және жылқының патологиялық өзгерiстері бар, iсiп кеткен тіндері алып тасталғаннан (тазалағаннан) соң, өнеркәсіптік қайта өңдеуге жiберiледi.
Тұтастып кеткен және гемморогиялық түрдегі ауру малдың сойылған ұшасы, сондай-ақ басқа да өнiмдерi жоюға жiберiледi.
1239. Жылқының африкалық обасы (дара тұяқты жануарлардың африкалық обасы) ауруы сойылғаннан кейiнгi сараптамада анықталған жағдайда, сойылған өнімнің бәрі өртеліп жойылады.
Ауырып жазылған мал сойылған жағдайда, оның етi мен субөнiмдерi пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiберiледi.
1240. Шошқаның африкалық обасының белгілері анықталған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен терісі бірге өртеу арқылы жояды.
Африкалық шошқа обасы бойынша бірінші қауіпті аймақтағы сойылған шошқадан алынған ет және басқа да өнімдер пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық, консерві өнімдеріне өңделеді немесе қайнатылады. Дайын өнім қолайсыз аймақ аумағында сатылады.
Дистрофикалық өзгерістері бар, бұлшық ет ұлпасында және ішкі құрылысында қан құйылған ұшаларды барлық сойылған өнімдерімен бірге өртеу арқылы жояды.
1241. Шошқаның классикалық обасы ауыры анықталса немесе ауырды деп күдік туған малдан алынған ұша мен өнiмдердi шикiдей шығаруға жол берілмейді.
Мүшелерінде дистрофиялық немесе басқа да (күрделенген) патологиялық өзгерiстер бар болса ұшаны iшкi ағзаларымен бірге жоюға жiбередi.
Ұша мен iшкi ағзаларда патологиялық өзгерістер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонелланың бар-жоғына бактериологиялық зерттеу өткізілгеннен кейiн қабылданады. Бұл ретте етте немесе ішкі ағзаларда салмонелла бар екенi анықталған жағдайда, iшкi ағзалары кәдеге жаратуға жiберіледi немесе жойылады, ал ұшасы қайнатылғаннан кейiн шығарылады немесе консервi, етті азық дайындауға жiберiледi. Іш майы қорытылады.
Сальмонелла болмаған жағдайда, ұша, шпик және iшкi ағзалар пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық өнімдеріне, консервiге және етті азыққа қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберiледi.
1242. Сібір жарасы ауруы анықталған жағдайда, малдың ұшасын, ішкі мүшелерiн және терiсiн бактериологиялық зерттеу нәтижелерiн алуды күтпей-ақ өртеп жояды. Сібір жарасымен ауырған малдан алынған өнімдермен араласып кеткен басқа малды сойғаннан кейін алынған өнiмдердің бәрі өртеледі, терiсi дезинфекцияланады.
1243. Ауески ауруы (жалған құтыру) анықталған малдың ұшасында дегенеративтi өзгерістер немесе бұлшық еттерінде, ұшасында және мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда, ұшаны және мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасы мен ішкі мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонеллаға бактериологиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонелла болмаған жағдайда, мал ұшасын және iшкi мүшелерiн қайнатады немесе пiсiрiлген, пісіріліп қақталған шұжық, төс еттер мен төстіктер дайындау үшiн пайдаланады.
1244. Туберкулез процесі шоғырланған жағдайда, яғни, бір уақытта төсі мен ішкі ағзалары зақымдалып, лимфа түйіндеріне таралған жағдайда, қоңдылығының жай-күйіне қарамастан, ішкі ағзаларын (оның ішінде ішек-қарнын) жояды.
Лимфа түйiндерi, ішкі ағзаларының бірі немесе басқа ұлпасы туберкулезбен зақымдалған қоңдылығы қалыпты ұша (шошқа ұшасынан басқасы), сондай-ақ зақымдалмаған басқа мүшелерi қайнатылады немесе қайта өңделiп консервi немесе етті азық жасалады, ал iш майы қорытылып алынады. Туберкулезбен зақымданған ағзалары мен ұлпалары зақымдану нысанына қарамастан, жойылады.
Шошқа ұшасында жақ астындағы лимфа түйіндерінде ғана ағарған туберкулезбен зақымдану анықталған жағдайда, оларды алып тастайды, ал басын ішкі ағзаларымен бірге шектеусiз шығарады.
Туберкулезбен шажырқай лимфа түйіндері ғана зақымданған жағдайда, ішектi жояды, ал ұшасы мен қалған ішкі ағзаларын шектеусіз шығарады.
Жақ астындағы немесе шажырқай лимфа түйіндерінде қатайған, ағармаған ошақтар түріндегі (олардың түріне қарамастан) зақымдану немесе жақтың астында және шажырқай тораптарында бір уақытта туберкулез ошақтары анықталған жағдайда, олар iшегімен бірге жойылады, ал ұшасы мен қалған ағзалары қайнатылады немесе қайта өңделіп, консервi дайындалады.
Шошқа ұшасының лимфа түйiндерiнен коринебактериялар немесе атипиялы микобактериялар тудырған туберкулез ауруы анықталған кезде шошқа ұшасы мен ағзалары шектеусiз шығарылады, ал зақымданған лимфа түйiндерi алып тасталып, жойылады.
Туберкулез ауруымен ауырған малдан алынған терi шектеусiз шығарылады (дезинфекцияланбайды).
1245. Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен ағзаларында патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімдеріне шығарылады.
Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет Қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.
1246. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті ауруымен ауырған және ауырды деп күдiк тудырған мал сойылғаннан кейін алынған оның ұшасы мен субөнімдерін шикi түрiнде шығаруға жол берілмейді. Патологиялық өзгерiстері бар мүшелерi жойылады. Малдың ұшасы мен iшкi ағзаларында патологоанатомиялық өзгерiстер болған жағдайда, сальмонелланың бар-жоғаны бактериологиялық зерттеу жүргiзіледi. Сальмонелла анықталған жағдайда, iшкi ағзалары жойылады, ал ұшасы пісіріледі.
Басы, кеңiрдегі, өңеші, мүйiзі, тұяғы және басқа да қалдықтары кәдеге жаратуға жiберiледі. Терiсi дезинфекцияланады.
1247. Лейкозға оң нәтиже бергенде бұлшық еттер, лимфа түйіндері және бiрнеше iшкi ағзалары зақымданған жағдайда немесе шырышты қабықтарында лейкоздық өскіндер (жара) болған жағдайда, ұша және сойылған басқа да өнiмдер кәдеге жаратуға жiберіледi. Жеке лимфа түйiндерi немесе iшкi ағзалары зақымданған жағдайда, бiрақ қаңқадағы бұлшық еттерде өзгерiс болмаса, зақымданған ағзалары кәдеге жаратуға жiберіледi, ал зақымданбаған ағзалары мен етін пайдалану туралы мәселе бактериологиялық зерттеуге байланысты шешедi.
Жануарларды лейкозға гематологиялық зерттеу кезiндегі нәтиже оң болса, бiрақ осы ауруға тән патологиялық өзгерiстер болмаса, ұша мен ағзалар кедергiсiз жiберiледi.
1248. Пастереллез – дегенеративтік немесе патологиялық өзгерiстер немесе азғындық болған кезде, ұша мен iшкi ағзалар кәдеге жаратылады.
Ұшасы мен iшкi ағзаларында патологиялық өзгерiстер болмаса, етiн пайдалану туралы шешім сальмонеллезға бактериялогиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонеллез табылған жағдайда, iшкi ағзалары кәдеге жаратылады, ал ұшасы қайнатылады. Салмонелла болмаса, ұшасы мен ішкі ағзалары пісіріледі немесе пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық, төстік, төс ет немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады. Терiсi дезинфекцияланады.
1249. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы. Патологиялық өзгерiстерге ұшыраған ағзалар кәдеге жаратылады. Зақымданбаған iшкi ағзалары мен ұшасы қайнатылады немесе шұжық немесе консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi.
1250. Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы. Ұшасы, iшкi ағзалары мен терiсi жойылады. Ұшасы мен зақымданбаған ішкі ағзалары пісіріледі немесе пісірілген шұжық немесе консерві дайындау үшін пайдаланылады.
1251. Вирусты (трансмиссивтi) гастроэнтерит. Ауырған және ауырды деген күдік тудырған малдың, сондай-ақ жұқтырды деген күдік тудырған шошқаның ұшасы мен iшкi ағзалары қайнатылады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық бұйымдары мен консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi. Арық ұша кәдеге жаратылады. Терiсi дезинфекцияланады.
1252. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелитi (Тешен ауруы). Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болса, ұша мен iшкi ағзалары кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болмаса, ұша мен iшкi ағзалары қайнатады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжықтар немесе консерві дайындау үшін пайдаланады.
Терiсi дезинфекцияланады.
1253. Қарасан ауруы анықталғанда ұшаны iшкi ағзаларымен және терiсiмен бірге жояды (өртейді).
1254. Маңқа ауруы анықталғанда, ұшасы, iшкi ағзалары және терiсi жойылады.
Маңқа ауруын қоздырушы бар деп күдiк тудырған ұша қайнатылады, ал мүмкiн болмаған жағдайда, кәдеге жаратуға жiбередi. Iшкi ағзалары кәдеге жаратылады.
Маңқа ауруымен ауырған немесе маллеинге оң әсерi бар малдар союға жiберілмейдi және жойылады.
1255. Малдың актиномикозбен ауырған басы бұлшық еттерiмен және сүйегімен бірге кәдеге жаратуға жiберіледi. Бастың лимфа түйіндері ғана зақымданса, олар алып тасталып, басы қайнатуға жiберіледi.
Тiлі мен iшкi ағзаларының аздаған бөлiгi жарақаттанса, жарақаттанған жерiн алып тастап, оларды шектеусіз шығарады.
Зақымдану ауқымды болса, тiлдi және iшкi ағзаларды кәдеге жаратуға жiбередi. Актиномикоз кеңiнен таралып сүйектi зақымдаған болса, iшкi ағзалары, ұшасы және бұлшық еттерi, мүшелерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
1256. Некробактериоз - белгiлi бiр мүшелер зақымданған болса, кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасын шектеусіз шығарады. Септикалық процесс кезiнде ұшасы мен мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi.
1257. Стахиботриксикоз – ұша мен iшкi мүшелердiң бiр бөлiгiнiң некрозды бөлшектері болса, кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшада патологоанатомиялық өзгерiстер байқалмаса, сальмонеллезге бактериологиялық зерттеулер жүргiзедi.
Сальмонеллез анықталмаған және патологиялық өзгерiс болмаған жағдайда, ұшасы мен сойғаннан кейін алынған өнiмдерi шектеусіз шығарылады.
1258. Фузариотоксикоз – ұшасы қайнатылады, iшкi мүшелерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
1259. Туляремия ауруы анықталған кезде немесе ауруға күдiктенген жануарлардан алынған ұша, мүшелер мен терi кәдеге жаратылады.
Туляремиямен ауыратын сойылған жануарлардың өнiмдерiмен бiрге болған ет пен ет өнiмдерi қайнатылады.
1260. Паратуберкулездi энтерит - ішекте, шажырқайда, лимфа түйiндерiнде патологиялық өзгерiстер және баста iсiк болған жағдайларда, өзгертіске ұшыраған мүшелер мен шажырқайы бар iшек кәдеге жаратылады, ал ұшасы мен басқа мүшелердi шектеусіз шығарылады. Паратуберкулезбен зақымдалған жағдайда, арық ұша мен оның мүшелерi кәдеге жаратылады.
1261. Жалған туберкулез (Псевдотуберкулез). Лимфа түйiндерi көп жерден жарақатталған және бұлшық ет жарақатталған жағдайда, сондай-ақ арық болған жағдайда, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады.
1262. Шошқалардың инфекциялы атрофиялық ринитi. Мұрынның, бас пен тiлдiң, өкпенiң, өңештiң шырышты қабығында үсiген және жансызданған өзгерiстер анықталған кезде, оларды жояды. Ұша мен iшкi мүшелерде дегенеративтік өзгерiстер болмаған жағдайда, олар шектеусіз шығарылады.
Арық болмаса және тек қана iшкi мүшелер мен лимфа түйiндерi зақымдалған жағдайда, iшкi мүшелер, зақымдалған лимфа түйiндердi кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады.
1263. Лептоспироз кезінде дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда немесе бұлшық еттердiң сарғыштануы 2 тәулiк арасында кетпесе ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратуға жiбередi.
Бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, бiрақ сарғайған түсi бар болып, ол сарғыш түсi 2 тәулiк арасында кетсе, ұша және iшкi мүшелер патологиялық өзгерiстерге ұшырамаса, қайнатуға жiберiледi. Iшек-қарны кәдеге жаратуға жiберiледi.
Ұшасы мен iшкi мүшелері лептоспирозға оң қорытынды берген малдардан алынса, бiрақ бұлшық еттерде, iшкi мүшелерде патологиялық өзгерiстер болмаса шектеусіз шығарылады. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардың терiлерi дезинфекцияланады.
1264. Ку-безгек (Ку-лихорадка) анықталған жағдайда, ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгеріске ұшыраған мүшелерi мен қаны кәдеге жаратылады, терiсi дезинфекцияланады.
7-параграф. Инвазиялық аурулар кезінде еттің және жануарларды сойғаннан кейін алынатын өнiмдердiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
1265. Трихинеллез – етi адамдардың тағамына немесе жануарлардың азығына пайдаланылатын шошқалардың (3 аптаға толмаған торайлардан басқа), сондай-ақ қабанның, борсықтың, аюдың, саз құндыздың, басқа талғаусыз және етпен қоректенетiн жануарлардың ұшасы мiндеттi түрде трихиллинезге зерттелуі керек.
Тілікте бiр ғана трихинелла табылатын болса да, оның тiршiлiкке қабiлетiне қарамастан, ұша мен бұлшық ет ұлпасы бар субөнiмдерi, сондай-ақ жарамсыз қалған ет өнiмдерi кәдеге жаратылады.
Сыртқы майын (шпик) сылып алады да, шыжғырады. Iшкi майы шектеусіз шығарылады.
Терiсi еттiң қалдығы алынғаннан соң, шектеусіз шығарылады. Қалдықтарды кәдеге жаратуға жiбередi.
1266. Цистицеркоз (ipi қара мал мен шошқаның финнозы) кезінде бастың немесе жүректiң бұлшық еттерiнің тіліктерінен цистицертер (массетер) табылған жағдайда, мойынның, сондай-ақ жауырын-шынтақ, жон, жамбас буындары мен диафрагманың бұлшық еттерiне қосымша екi қатар тiлiктер жүргізеді.
Бастың немесе жүрек еті тілігінің 40 шаршы сантиметрінде немесе ұша бұлшықетінің кем дегенде бір тілігінде үштен аса тiрi немесе өлi финн табылса және үштен жоғары тiрi немесе өлi финн табылса ұшаны, басты және ішкі мүшелерді кәдеге жаратады.
Iш майларын және шпикты тағамдық мақсатта өңдейді немесе тұздау немесе мұздату арқылы залалсыздандырады.
Бастың немесе жүректiң етінің тілігінің 40 шаршы сантиметрінде үштен аз тірі немесе өлі финн табылған жағдайда және еттің басқа тіліктерінде финн болмағанда немесе бары үштен аспайтын болған кезде басты және жүректі кәдеге жаратады, ұшасы мен қалған мүшелерін пісіру, тұздау немесе мұздату арқылы залалсыздандырады.
Iш майларын және шпикті тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздау немесе мұздату арқылы залалсыздандырады. Тұздау не мұздату арқылы залалсыздандырылған ұшалар фаршты шұжықтар немесе консервiлер дайындау үшін пайдаланылады, ал субөнімдері өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi.
1267. Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистицеркоз немесе сiрi қабықтың финнозы кезінде зақымданған мүшелердің маңындағы тіндермен бірге көпіршіктер жойылады. Ұшасы, зақымданбаған және тазартылған iшкi мүшелерi шектеусіз шығарылады.
1268. Қой мен ешкiнiң, бұғының цистицеркозы (финнозы) кезінде қойлардың, ешкiлердiң және бұғылардың ұшалары мен мүшелерiнің 40 шаршы сантиметр тілігінде 5-тен аспайтын финн табылған жағдайда және бұлшық еттерде өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен мүшелердi мұздату арқылы залалсыздандырады, содан кейiн шұжық өнімдерi немесе консерві етіп өңдеуге жiбередi. Ұшаның 40 шаршы сантиметр кесiмiнде бестен артық финнан анықталған және бұлшық еттерде патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады, ал iшкi және құйрық майын шыжғырады.
1269. Эхинококкоз кезінде бұлшық еттер және iшкi мүшелерi көптеп зақымданған болса, сондай-ақ ұша арықтаған болса, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Бөлек мүшелер немесе тіндер зақымданған жағдайда, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаның зақымданбаған бөліктерi және мүшелер кедергiсiз жiберiледi.
1270. Фасциоллез кезінде мүшелердiң зақымданған бөліктерiн кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Мүшенiң 2/3 бөлігі зақымданған болса, мүшенi толық кәдеге жаратады.
1271. Дикроцелиоз кезінде жарақатталған бауырды кәдеге жаратады. Бауырдың 2/3 бөлiгi зақымданған болса, оны толығымен кәдеге жаратады. Ұша мен зақымданбаған мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
1272. Диктиокаулез кезінде өкпенiң зақымданған бөліктерiн кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөліктерiн кедергiсiз жiбередi. Өкпенiң 2/3 бөлiгi зақымданған болса, оны толық кәдеге жаратады.
1273. Шошқаның метостронгилезы кезінде өкпенiң зақымданған бөліктерiн кәдеге жаратады. Ұша мен өкпенiң зақымданбаған бөліктерiн кедергiсiз жiбередi.
1274. Аскаридоз кезінде патологиялық өзгерiстері болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi болса кедергiсiз жiбередi.
1275. Пироплазмидоздар (пироплазмоз, тейляриоз, бабезиоз, анаплазмоз) кезінде сары түс жайылмаған және дегенеративтiк өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Ұшаларда сарғыш түс екі тәулік ішінде кетпейтiн болса, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Екі тәулік ішінде сарғыш түс кетсе, салмонеллардың бар-жоқтығын бактериологиялық зерттеу жүргiзедi, ұша мен өзгермеген мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
1276. Токсоплазмоз кезінде ұшаны қайнатады, iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
1277. Саркоцистоз кезінде бұлшық етте саркоцисталар болған және патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Бұлшық еттерде өзгерiс болса (гидремия, түссiздену, ағару, дегенеративтiк өзгерiстер), ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
Шошқаның шпигiн және iшкi майын кедергiсiз жiбередi.
1278. Гиподерматоз кезінде инфильтраттан, жансызданған ошақтардан, өзгерген бөлшектерден тазартылған соң, ұша мен басқа сою өнiмдерін кедергiсiз жiбередi.
8-параграф. Жұқпалы емес аурулармен ауырған, санитариялық маңызы бар нормалардан ауытқыған жануарлар етiнің және одан алынатын өнiмдердiң ветеринариялық-санитариялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет