аумақтарда жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 228. Iрi қара малдың паратуберкулезiнiң пайда болуының және оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлер, ветеринария саласындағы мамандар, сондай-ақ мал иелерi мыналарды:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге iрi қара малдың паратуберкулезi бойынша қолайсыз аумақтардан жануарларды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге жаңадан келетiн барлық жануарларды карантиндеуде ұстайды;
3) жануарларды жылына екi реттен кем емес клиникалық тексерудi қамтамасыз ету: жайылымға шығару алдында және күзде қыстаққа тұрғызу алдында;
4) жайылымдарды, суаратын жерлерді, мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларды және жануарларды ұстайтын басқа да жерлердi қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
5) паратуберкулез бойынша қолайсыз пункттердің жануарларымен iрi қара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен байланысына, сондай-ақ жануарлардың әртүрлі түрiмен және әртүрлі жастағы топтарын бiрге ұстауға жол бермеу;
6) жануарлар ағзасының резистенттiлiгiн көтеру үшiн рационды ақуыз, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру;
7) жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бiр жақты жемдеуге жол берілмейді.
2-параграф. Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 229. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағында шектеу іс-шаралары қойылады.
230. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді;
2) аурудың клиникалық белгiлерi бар жануарларды шығарады және етке союға тапсырады;
3) қалған iрi қара мал басын паратуберкулезге тексередi;
4) одан кейiн сауықтырылатын табындағы жануарлардың қан сывороткаларын серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеру жылына 2 рет - көктем мен күзде жүргiзіледi;
5) мал басын тоқсанына бiр рет клиникалық тексереді, паратуберкулездiң клиникалық белгiлерi бар жануарларды аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамастан етке союға тапсырады;
6) екiншi рет зерттеу кезінде оң немесе күдiктi реакция берген жануарларды етке союға өткізеді, қалғаны жалпы табынға қайтарады;
7) сойылған жануарлардан алынған материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге жолдайды;
8) паратуберкулезбен ауыратын сиырлардан туған бұзауларды етке союға өткізеді, қолайсыз табындағы сау жануарлардан туған бұзауларды үлкен малдардан бөлектейді және күнтізбелік 5 (бес) күн уыз береді, сонан кейін осы ферма үшін арнайы бөлінген пастерленген сүтпен және обратпен бағады. Кейін оларда паратуберкулездің бар жоқтығын зерттейді.
231. Паратуберкулез бойынша қолайсыз пунктте өткізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
1) тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға жол беріледі;
2) мал аулалары мен олардың аумағының айналасының тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етедi;
3) мал шаруашылығы қора-жайларын механикалық тазартуды, жануарларды ұстау орындарын, әр зерттеуден кейiн мүкәммал мен басқа да жабдықтарды ағымдағы дезинфекциялауды жүргiзедi;
4) ауру малдардың және ауру бойынша күдiктi малдардың қиын өртейді, шартты түрде сау малдардың қиын биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады;
5) сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарын күнделiктi зарарсыздандыруды қамтамасыз етедi;
6) сиырлардың бұзаулауын төлдеу қора-жайларында жүргiзедi, шуларды өтпейтiн ыдысқа жинайды және залалсыздандырады;
7) алғашқы уызды жеке ыдысқа сауады және қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты түрде сау жануарлардан алынған сүтті 850С температурада 30 (отыз) минут пастерлейдi;
8) жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, олардың жануарлардың тезегімен ластануын болдырмау үшiн жайылымдағы бөгеттерді, арықтарды, үлкен шалшықтарды қоршайды.
232. Ауру жануарды соңғы бөлу жағдайынан кейiн 3 (үш) жыл өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейiн шектеу іс-шаралары алынады.
21-тарау. Ірі қара малдың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 21-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың