асырылатын жылқы ринопневмониясы профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 383. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауруының алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді.
384. Жануарларға тексеру:
1) жануарларды тұқымдық мақсаттар үшін ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумағынан тыс шығару (әкету) кезінде;
2) қайта сатып алынған жануарларға карантиндеу кезеңінде жүргізіледі.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқы ринопневмониясыбойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 385. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
386. Жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пунктте:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) аталық жануарлардан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ұрық беруге жол берілмейдi.
387. Ветеринария саласындағы маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған жануарларына мұқият клиникалық бақылауды белгілейді.
388. Ветеринария саласындағы маманы түсік тастаған немесе төлі өліп қалған құлындаған биелердi симптоматиялық емдеуге түсіреді.
389. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария саласындағы маманы барлық мал басына жылқының ринопневмониясына қарсы вакцина егуді жүргізеді.
390. Әрбiр түсік жағдайынан кейін ат қора дезинфекцияланады.
Тастанды төл қабығымен бiрге өртеледi.
Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады.
Жылқы ринопневмониясымен ауыратын немесе күдігі бар жануарлардан алынған ұша қайнатылады.
Сүйектер мен iшкi органдар жоюға жiберіледi.
Терiні оларды кейіннен таза сумен жуып және кептіре отырып, әк тұнбасы ерітіндісінде (1 килограмм жаңа өшірілген әк 20 литр суға) 12 сағат ұстау жолымен дезинфекцияланады.
391. Жылқылардың ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттен шектеу егер буаздықтың екінші жартысында жануарлар болмаса, соңғы түсік жағдайынан немесе тіршілікке қабілетсіз құлын туылғаннан және қорытынды iс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін екі айдан соң алынады.
37-тарау. Жылқылардың маңқасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 37-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге