алу бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
466. Ауру қоздырғыштың әкелінуін алдын алу мақсатында мыналарға:
1) везикулярлық ауруға қолайсыз елдерден шошқаның терiсiн, шошқа өнiмдерiн және шошқаларды әкелуге;
2) халықаралық желілерге қызмет көрсететін әуежайлардан, ұшақтардан, пароходтардан, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаларға азық ретiнде пайдалануға;
3) құстардың жаппай ұшу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектiлердің ашық жайылым алаңдарда шошқаларды ұстауға жол берілмейді.
467. Шошқаның везикулярлық ауруының негізгі алдын алуы ауру қоздырғышының қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінуін болдырмау және шаруашылық жүргізуші субъектінің шегінде шошқа басының өткізілуіне бақылау болып табылады.
468. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының әкелінуін алдын алу үшiн:
3) шаруашылық жүргізуші субъектіні везикулярлық ауруына қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден сау жануарлармен толықтыру қажет;
4) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелiнген шошқаларды карантиндеуде ұстау қажет. Карантин кезiнде шошқаларға шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық зерттеу жүргізеді.
469. Шошқаның везикулярлық ауруына күдіктенген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы және шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды, ауру және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсетуші персоналды бекітіп береді.
Ескерту. 469-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
470. Шошқаның везикулярлық ауруына күдік туралы хабарлама алған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және мемлекеттік ветеринариялық дәрігері дереу сол жерге келіп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, диагнозын анықтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қолдану қажет.
Ескерту. 470-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
471. Осы мақсатта:
1) ауру қоздырғышының әкеліну көздерін және жолдарын анықтау бойынша шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу, талдау жүргiзіледi;
2) айналадағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде шошқаның везикулярлық ауруының және басқа ауруларының эпизоотиялық жағдайын нақтылайды;
3) оқшауда тұрған шошқа басына, аурудың әртүрлі сатысында жануарлардың дене қызу реакциясына назар аудара отырып, клиникалық тексеру жүргізіледі;
4) патологиялық материалдарды іріктеп, зерттеуге жолдайды.
2-параграф. Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының
Достарыңызбен бөлісу: |