асырылатын жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 407. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар карантиндеуде ұсталып, тері және көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады.
408. Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау және пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi.
409. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 410. Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
411. Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру және ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.
412. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын әдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi.
413. Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) әрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді.
414. Ат қоралар және олардың айналасындағы аумақты тазартады және әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
415. Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С0 температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады.
416. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және азық қалдықтары жағылады.
417. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады.
39-тарау. Шошқаның атрофиялық риниті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Шошқаның атрофиялық ринитін профилактикалау және