2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет51/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
424. Шошқаның африкалық обасы вирусының әкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға:
1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң және азықтың барлық түрін кіргізуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге;
3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, әуе кеңістігіне, темір және тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары және теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады;
4) шошқаларды халықаралық әуе, теңiз, өзен порттары және шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді.
425. Ветеринариялық бақылау бекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бірлесіп, шошқалардың африкалық обасы бойынша саламаттылығына қарамастан, шет мемлекеттерден келген теңіз және өзен кемелерінен, ұшақтардан, вагон-мейрамханалардан, рефрижераторлардан және басқа да көлік құралдарынан түсірілген қоқыстың, тамақ және басқа да қалдықтардың жиналуына және залалсыздандырылуына бақылау жүргізеді. Бұл қалдықтар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша қаланың қоқыс тастайтын жерлерінен тыс арнайы жабдықталған орында өртеу арқылы жойылуы тиіс.
Ескерту. 425-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

426. Мемлекеттерден (шошқаның африкалық обасы бойынша саламатсыз) келетін жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді, қол жүгін, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдерін тиісті шаралар қабылдау үшін ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тексеріп қарайды.


Ескерту. 426-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

427. Қазақстан Республикасына ауру вирусының әкеліну қаупі төнген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары туындаған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен шошқаның африкалық обасына қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияларды құрады. Комиссия құрамына тиісінше жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді, олардың қатысуы шошқаның африкалық обасының алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажет.


Ескерту. 427-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

428. Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта шошқаның африкалық обасы пайда болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары шекаралас аудандардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қайта өңдеу кәсіпорындардың тұрғындарына шошқа шаруашылығы үшін туындаған қауіптер туралы кеңінен таныстыруды ұйымдастыруы және Қазақстан Республикасының аумағына аурудың вирусының әкелінуiн болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдайды.


429. Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
430. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы шошқаның африкалық обасы ауруына жануарларда күдiгі туралы хабарлама алған кезде, эпизоотиялық тексеру, патологиялық материалдарды іріктеу жүргiзу үшін және эпизоотиялық ошақтың шекарасын, қолайсыз пунктті, аурудың таралу мүмкін жолдарын анықтауға тез арада сол жерге келуге және аурудың таралуын болдырмау бойынша мынадай іс-шараларды қабылдауы қажет:
1) ауру және ауру күдiгi бар шошқаларды олар болған қора-жайлардан оқшаулау;
2) жануарлардың (құстарды қоса алғанда) барлық түрлерін союға және ет өнiмдерiн (ет, май, терi, қауырсын, түбiт) сатуға жол бермеу;
3) ауру анықталған елдi-мекеннен, шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуға және олардың аумақтарына көлік құралдарының кез-келген түрлеріне кіруге, шаруашылық жүргізуші субъектіден тиісті санитарлық өңдеусіз қызмет көрсету персоналына шығуға жол берілмейді;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағынан жануарлардың өнімдерін және шикізаттарын, азықтарын және өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға;
5) шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк болған кезде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, көрші аудандардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге қабылданған іс-шаралар туралы тез арада хабарлауға;
6) пысықталған патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға патологиялық материалдарды іріктеу және қайта жіберудің белгiленген тәртiбін сақтай отырып, шошқаның африкалық обасын зерттеу үшін жiбередi.
2-параграф. Эпизоотиялық ошақта шошқаның африкалық обасын жою


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет