Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысы



Дата14.11.2022
өлшемі26,53 Kb.
#50110

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысы. Мемлекеттік және мемлекеттік
емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару
және электрондық құжат
айналымы жүйелерін пайдалану
қағидаларына
8-қосымша Нысан
«БҚО әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданы білім беру бөлімінің
Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ


ХАТТАМА № 1
5 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы

Өткізілген күні 19.10.2022


Төрайым: Халит Маржан Владиковна
Хатшы: Кужасова Айгерім


Қатысқандар: 12 Барлығы: 20 Себепті: 5 Себепсіз: 3


1. Мансұрқызы Бибігүл
2. Есенова Мейрамгүл
3. Утенғалиева Еркегүл
4.Жұмабаева Алтыншаш
5. Ихсанова Мирамгүл
6. Кажияхметов Райбек
7. Айбулатова Алмагүл
8. Кужасова Айгерім
9. Лукпанова Гульайым
10. Арыстанова Арайлым
11.Үмбетьярова Ақманар
12.Мамбетьярова Асель

Күн тәртібі


1. Баяндама: «Баланы назарда ұстаңыз» (Academia.kz-конспект-кітаптар)
2.Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы ҚРБжҒМ 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығы
3. Ата аналар кеңесін сайлау, келісім шарт, өмір қауіпсіздігі хаттамаларымен таныстырып, қол қойғызу.
4. Ағымдағы мәселелер. Күзгі мезгілдегі оқушының өмір қауіпсіздігі, кешкі сағ: 22:00 кейін заңды өкілсіз тұрғын жайдан шықпауды қатаң ескерту; бос уақытын тиімді ұйымдастыру; жолда жүру ережелері, ақпараттық қауіпсіздік, әлеуметтік желідегі қарым қатынас мәдениеті.
1. Тыңдалды:
Куратор Маржан Владиковна ата-аналармен амандасып, оқу жылының басталуымен құттықтады. Ата аналар мен балалардың байланысын нығайту мақсатында тренингтар өткізді. Жиналыстың күн тәртібімен таныстырып шықты.
Тыңдалды: 1-ші мәселе бойынша:қазіргі таңда ең үлкен проблема – ата-аналар балалары үшін тәрбие ошағы болудан қалды. Ата-ана рөлі құнсызданды. Көп ата-аналар «дұрыс ата-ана» образына сай болуға тырысады. Егер көздеген нәтижеге жете алмаса, балаларының көңілін аулап, тыныштандыру үшін қалаған заттарын сатып беру арқылы алдайды, көнбесе жазалайды. Ата-аналар балалары нағыз дағдарыс кезеңдерін бастан өткізген кезде жанынан табылмағаны үшін өздерін кінәлі сезінеді, тыңдай алмағаны үшін балаларын кінәлайды, ойларын аулағаны үшін теледидарды кіналайды, қаталдық танытпағаны үшін мектепті кіналайды. Ақыр соңында, қазіргі қоғамға тән мінезбен «өзің жаса» деп құтыла салады. Егер де қазіргі жас ұрпақтың жағдайы жақсы болса, ата-ананың тәрбиеге әсері мәселесін алға тартпас едік. Сонымен, қандай өзгерістер орын алды?
Біз құрдастарға бағыттылықтың әлеуметтік, мәдени және экономикалық әсерін тоқтата алмауымыз мүмкін, бірақ біз отбасымыз үшін, мектептер үшін бірнеше мәселені алдын ала аламыз. Біз «ата-ана мен бала» қарым-қатынасының табиғи базасына қайта тоқталуымыз керек. Балаларын берік қарым-қатынаста тәрбиелейтін ата-аналар түйсікке сенім артады. Оларға арнайы техника да, нұсқаулық та қажет емес, тек олар балаларын түсінеді және жанашырлық танытады. Егер де біз балаларымыздың алдында өзімізді қалай ұстауды білсек, олар үшін кім болуымыз керектігін ұғынсақ, бізге кеңестер мен ережелердің көмегі аса қажет болмайды.
Жағымды жаңалықтардың бірі – табиғат біздің тарапымызда. Балалар өздері сезбесе де, қанша қарсылық танытса да, олар табиғатынан ата-анасына тиесілі болғанды қалайды.


Сөз сөйлегендер:Утенғалиева Еркегүл : оқушылардың тәртібі,сабақ үлгерімі жөнінде сұрап,балалардың сабақтан шығатын уақыты тым кеш, және сол уақытта қараңғы түсіп кетуіне байланысты балаларға алаңдайтыны туралы сөз бастады.


 2. Тыңдалды: Куратор: Маржан Владиковна күн тәртібінде 2ші мәселе бойынша сөз алды:



Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 235 бұйрығына қосымша

Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі
1. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар*:
1) атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері**:
атыс қаруына тән жеке құрылымдық элементтері мен тетіктері немесе сыртқы белгілері бар, бірақ нысананы зақымдауға арналмаған заттар (құрылыс құралдары, сигналдық құрылғылар, линеметтер);
зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;
зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген заттар;
қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері, снарядтар, жебелер;
жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар.
2) шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:
барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;
білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттарында пайдалану жағдайларын қоспағанда, шегелерді қағу және болттарды бекіту үшін өнеркәсіптік құрылғылар, шанышқылы немесе кескіш заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік құралдар;
медициналық шприцтер ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).
3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:
жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;
фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;
сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);
құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);
психикаға белсенді әсер ететін заттар;
темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
2. Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдаланалуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі*:
1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));
2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік - -консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).

3. Тыңдалды Куратор: Маржан Владиковна 3 ші мәселе бойынша ата аналар кеңесін сайлау, келісім шарт, өмір қауіпсіздігі хаттамаларымен таныстырып, ата-ана комитеті мүшелерін сайлады.


Ата-ана комитеті мүшелері



Кужасова Айгерім

Төрайым

«Саз мектебі»МКҚК іс-жүргзуші
77058504252

Утенғалиева Еркегүл

хатшы

Демалыс орталығы әдіскер
77052304019

Есенова Мейрамгүл

хатшы

Қ.Мырзалиев мектебі мұғалім
77775648481



4. Күзгі мезгілдегі оқушының өмір қауіпсіздігі, кешкі сағ: 22:00 кейін заңды өкілсіз тұрғын жайдан шықпауы туралы қатаң ескертілді, қол қойғызды.
Тыңдалды: Балалардың киім кию үлгісі, шаш үлгісі, қолдарына артық заттар сақина т.б тағуға болмайтындығын айтты. Ай сайын мектепшілік рейд жүргізілетінін хабарлап, қорытындысында мектеп формасын сақтамаған, тәртіп бұзған, кешіккен оқушыларды линейкаға шығарылатынын ескертті.


Маржан Владиковна оқушыларды мектеппен үйдің бақылауында ұстаса оқушылардың тәртібімен, сабағы дұрысталады деген үміттенемін деп сөзін аяқтады.


Қаулы етті:

  1. Баяндама қанағатты деп табылды

  2. Оқушылар мен ата аналардың арасындағы байланысты нығайтамын.

  3. Ата аналар комитетінің төрайымы Кужасова Айгерім және хатшы Есенова Мейрамгүл мен Утенғалиева Еркегүл тағайындалды.

  4. Өмір қауіпсіздігі хаттамаларына қол қойғызылды.

Аталған мәселе бойынша шешім: жоғарыдағы айтылған ескертпелер қатерге алынсын.

Төрайым Халит Маржан Владиковна
Хатшы Кужасова Айгерім


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет