іс-шаралар тәртібі 783. Ауру құс анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті аспергиллез бойынша қолайсыз болып жарияланады және шектеу енгізеді.
784. Құс аспергиллезi бойынша қолайсыз құс шаруашылық жүргізуші субъектiде мыналарға:
1) құстарды қолайсыз құсханадан (елдi мекеннен, ауладан) сау құсханаға ауыстыруға;
2) тиісті санитариялық өңдеусіз керек-жарақтарды, жабдықтарды және басқа да заттарды қолайсыз объектiлерден сау объектiлерге ауыстыруға;
3) қолайсыз құсханада (елдi мекеннен, ауладан) күтіп-бағумен айналысатын персоналдың қолайлы объектiлерге келуіне;
4) жұмыртқаларға алдын ала дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге рұқсат етілмейді.
785. Ауру құс өз шаруашылығында сойылып, кейіннен кәдеге жаратуға жiбередi.
786. Күрделi эпизоотиялық жағдайда ветеринария саласындағы маман мен шаруашылық жүргізуші субъектi басшысының шешімі бойынша құс мерзімінен бұрын союға жiберіледi.
787. Қорытынды іс-шаралар жүргізілген жағдайда, ауру құсты анықтау және құсханадан әкетудің соңғы жағдайынан кейін 3 ай өткен соң шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу алынады.
74-тарау. Құстардың Марек ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 74-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Құстардың Марек ауруының профилактикасы ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 788. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдығатын әр басына, Марек ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзiледi.
789. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундық профилактика жұмысын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген вакциналар қолданылады.
790. Құсханалар мен жабдықтарға толық санация жүргiзе отырып, табынды өсiруде профилактикалық үзiлiс жүзеге асырылады.
2-параграф. Аурудан қолайсыз пункттерде ауруды