ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 801. Құс шаруашылықтарының ветеринария саласындағы мамандары профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында:
1) сырттан індеттің енуiне жол бермеуге арналған іс-шараларды әзірлеуге. Бұл үшiн құстарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды жұқпалы бурсалды аурудан қолайлы шаруашылықтардан ғана алуға;
20 құстарды зоогигиеналық нормалардың талаптарына сай келетін бағып-ұстауға қолайлы жағдай жасау арқылы құстар организмiнiң жұқпалы ауруларға жалпы резистенттiлiгiн көтеруге;
3) жұқпалы бурсалдық ауруға қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн шаруашылықтарда, егiлген құстарға иммунитеттiң тұрақтылығына жүйелi түрде бақылауға міндетті. Иммунизацияның тиiмдiлiгi вакцинаның сапасына және оны енгiзу тәсiлiне байланысты.
2-параграф. Қолайсыз пункттерде ауруды жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 802. Бурсалдық аурудың пайда болуына күдiктену кезінде аурудың таралуын тоқтатуға арналған іс-шаралар жүргiзiледi, құс қоралары бекiтiледi, ауру және ауруға күдiктi құстар сойылады, құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға және құстарды серуенге шығаратын аумаққа тазарту жүргiзiледi. Құс қораларына бөгде кiсiлердің кiруіне, құс шаруашылығының iшiнде құстардың орнын ауыстыруға және одан құстарды, жұмыртқаларды шығаруға, сондай-ақ жем-шөпті, құрал-саймандарды, жабдықтарды, саңғырықты шығаруға рұқсат етілмейді.
803. Диагноз анықталған жағдайда қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
804. Карантин шарты бойынша мыналарға:
1) қолайсыз пунктке әкелуге, құстарды және құс шаруашылығы өнiмдерiн оның шегiнен әкетуге;
2) қолайсыз пункт (ошақ) аумағына бөгде кiсiлердiң кiруiне жол берілмейді.
805. Ауруды және жұқпалы ошағын жою іс-шараларға мыналар кiредi:
3) ауру және ауруға күдiктi, құстардың бурсалды ауруына шалдығатын барлық құстарды сою;
4) өлген құстардың өлексесін және сойылған ауру құстарды термиялық кәдеге жарату;
5) құс қорасын, жабдықтарды, құрал-саймандарды және ауру құс тұрған аумақты дезинфекциялау арқылы залалсыздандыру;
6) ауру ошағындағы және қауiптi аумақтағы бурсалды ауруға шалдығатын құстардың арасында вакциналық профилактика жүргiзу.
806. Жұқпалы бурсалдық ауру бойынша қауiптi құс шаруашылықтарында және елдi мекен пункттерінде мыналарға:
1) қора-жайдан жұқпалы бурсалды ауруға шалдығатын құстарды шығаруға;
2) құс фабрикасына бөгде адамдардың кiруiне және көрмелер өткiзуге жол берілмейді;
3) қызмет көрсетуші персонал санитариялық рұқсатты қолданады.
807. Карантин соңғы ауру немесе өлген құсты кәдеге жаратудан соң және індет ошағында қоздырғышты жою бойынша қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзілгеннен кейiн күнтізбелік 21 күн өткенде алынады.
76-тарау. Үйректердің вирустық гепатиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 76-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Үйректiң вирустық гепатитінен