Дәлдік класы аспаптың қасиеттерін сипаттайды. Аспаптың ӛзінің дәлдік класына сәйкес келетіндігін білу үшін, оны тексеру арқылы салыстырады. Ӛлшеу қорытындысының нақты мәнінен ауытқуын ӛлшеу қателігі деп атайды. Ӛлшеу механизмінің толық жетілмегенінен және ӛлшеу тізбегінің тұрақты емес параметрлерінен кез келген ӛлшеуіш аспаптың кӛрсетулерінде әрқашан да ӛлшенетін шаманың нақты мәнінен біршама ӛзгешеліктері болады, яғни барлық аспаптардың қателіктері болады.
Физикалық шаманың нақты мәні деп жоғары әдіспен және аспаптың кӛмегімен табылған мәнін айтады. Туындауы бойынша қателіктер: кездейсоқ, жүйелік қателіктер және мүлт кету болып бӛлінеді. Кездейсоқ қателік - бір шаманы қайталап ӛлшегенде кездейсоқ ӛзгеретін шама. Кездейсоқ қателіктердің пайда болу себебін дәл айту қиын. Кездейсоқ қателіктердің әсерін есепке алу үшін ӛлшеу қорытындысын ӛңдейтін ықтималдық әдістер қолданылады. Жүйелік қателік - ӛлшеу құралының қателіктерін құраушылар тұрақты болатындығын немесе бір шаманы кӛп рет ӛлшеу кезіндегі ӛзгеру заңдылығы. Жүйелік қателіктің бар екенін эксперимент жүргізу немесе қайта ӛлшеу арқылы талдау жасап табады. Жүйелік қателіктің мысалы ретінде, аспапты градуирлеу қателігі жатады, яғни аспаптың шкаласы қате бӛліктенгендігі, сондай-ақ