2. ДӘріс тезистері



бет5/8
Дата21.12.2022
өлшемі135,31 Kb.
#58770
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер (2)

Оқыту қызметі

Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттары негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
-есте сақтау негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу;
-оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп саралап оқыту бағдарламасына өту;
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Бір технологияның, өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің дамуы бағыты мен технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім.


Педагогикалық технологиялар сипаттамасы



Педагогикалық технология аттары
және авторлары



Мақсаттары

1.Ынтымақтастық педагогикасы

Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.



2. Білім беруді ізгілендіру технологиясы Амоношвили

Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылуылық ұялату. Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.



3. Ойын арқылы оқыту технологиясы

Дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік



4.Проблемалық оқыту технологиясы

Білім, білік, дағдыға ие қылу. Өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру. Танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.

5. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф. Шаталов)

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Жеке мәліметтеріне қарамастан барлық баланы оқыту. Оқуды жеделдету. (орта мектепті 9 жылда аяқтау)

6. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту. Оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау



7. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы

Әр оқушының оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту. Оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау

8. Міндетті нәтижелерге негізделген
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы. (В.В. Фирсов)

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту. Оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау



9. Бағдарламалап оқыту
технологиясы (Б. Скиннер,
Н. Краудер, В.П. Беспалько)

Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.



10.Оқытудың компьютерлік
технологиясы

Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.



11. Дидактикалық біліктерді
ірілендіру технологиясы
(П.М. Эрдниев)

Математикалық білімнің оқушының интелектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу. Пәндердің
бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау



12 Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы
(Р.Г. Хазангин)

Барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту. Балалардың математикаға қызығуын туғызу. Таланттыларды тәрбиелеу жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу



13.Өздігінен даму технологиясы (М. Монтоссори)

Бала санасында әлемі мен ойлау әрекетінің бірлігі



14. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

Өзбетінше жұмыс жасау, логикалық ойлауды дамыту, құзыретті білім алу

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. Білім саласына қатысты технология ұғымының анықтамасы

  2. Оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа технологиялар, талаптары

  3. Өзгетілді мектептердегі қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану жолдары




2

Дәріс13. Қазақ әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды ұйымдастыру

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ
1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет