2. ДӘріс тезистері


Цифрлық технологияны қолдану арқылы сабақтарды жобалау



бет27/31
Дата11.01.2023
өлшемі0,63 Mb.
#60993
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Цифрлық технологияны қолдану арқылы сабақтарды жобалау
Бiрiншiден, ББАЭБ ресурсына толық талдау жүргiзiледi, мәлiметтiң басты қағидасының позицияларымен, осы ресурсты қолданудың тиiмдiлiгi әр түрлi бағыттарда iстейтiн жұмыстың түрлерін өткiзудi болжайды, оларды өткiзу әдiстемесі анықталады және оқу барысындағы осы ресурстар бар жұмыстың негiзгi түрлерi жобаланады.
Екiншiден, оқушылардың компьютермен жұмыс жасауының санитарлық нормалары есепке алынады. 1-сынып оқушыларына - 10 минутта, 2-5 сыныптарда 15 минуттан аспайтын, 6-7 сыныптарда 20 минут, 8-9 сыныптар - 25 минут компьютерде жұмыс iстеуге рұқсат еткен. Бiрiншi сабақтағы 10-11 сынып оқушылары 30 минут, екiншi сабақта 20 минут компьютерде бола алады.
Үшiншiден, сабақты ұйымдастыру формалары ойластырылады, өйткенi компьютер сыныптарында орташа 10-12 компьютер орналастырылады, осы уақытта оқушылардың саны 25-30 адамды құрайды. Компьютермен жұмыста жеке жұмыс тәртiбi ойластырылады.
Электрондық оқыту жүйесінде электрондық курс, оқушының бiлiмiн негiзгi тасымалдаушы болып табылады. Оның жiктелген материалы, алдын ала нақты оқытудың шешушi тапсырмаларын ұсынады. Белгiлiсі, электрондық курстың тиiмдiлiгiнен баспа құжаттарының тиiмдiлiгi сан рет аса алады. Анимациялар, оқушының білім мен дағдысына виртуалды рөлдегi ойындар, интерактивтік үлгiлер және тренажерлер, имитаторлық жабдықтар және нақты үшөлшемдi әлемдер көмектеседi.
Электрондық курсты құру үрдісін үш кезеңге бөлуге болады:

  • курсты жобалау;

  • курс үшiн материалдарды әзiрлеу;

  • бiртұтас программалық кешенге материалдардың құрастырылымы.



1. Курсты жобалау.
Электрондық курсты жобалаудың бастапқы кезеңі педагогикалық сценарийді өңдеу болып табылады.
Мұғалім пәндiк саладағы базалық бiлiмнің бар немесе жоқтығын, оқушылардың бiлiм деңгейiне байланысты, курс материалдарын қабылдау ерекшелiктерiн жеке есепке алудың тиiмдi траекторияларына қажеттi педагогикалық сценарийдің компоненттерi дайындалып анықталуы керек.
1-сызбада «Информатика және АКТ» пәні «Адамың ақпараттық қызметі» бөлiмнiң педагогикалық сценарийін график түрiнде iске асырудың мысалы ұсынылған.
1 – сызба. Педагогикалық сценарийді жүзеге асыру графигінің мысалы

Оқушылардың қызметiнiң құрылымдық сызбасы мұғалімге әр түрлi педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкiндiк беретін бес бiлiм беретiн траекторияларын ұсынады, ал оқушыларға - курстың жеке мәселелерi бойынша бар бiлiмдері ескеріліп өзiндiк жұмысқа барынша тиiмдi тарту мүмкiндiктері ойластырылады.
Содан соң технологиялық сценарий жасалу керек. Мұнда деңгейлер бойынша материалдар салынып, сонымен бiрге көрсетілу керек:

  • тиiмдi оқыту үшiн электрондық курстың қандай компоненттерi жасалатындығын;

  • оған рұқсаттың сипатын;

  • дизайн бойынша авторлық тiлектерін;

  • материал бойынша кілтті сөз және навигацияның құралын;

  • қосымшаға қажеттi мультимедианы.

Технологиялық сценарийді құрастыруда мұғалімнің педагогикалық міндеттерді сапалы түрде шешуi, педагогикалық бiртұтас мультимедиа және ақпараттық бiлiм беру технологиялардың курсын қосуды қамтамасыз етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет