2. ДӘріс тезистері



бет10/13
Дата17.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#28338
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс тезистері-Электроника

Біріктіретін құралдар. Біріктіретін тізбектер электрлік кіріс сигналдарын уақыт бойынша интегралдауға арналған.

Электр сигналын біріктіретін төртұштымен интегралдау 3 суретпен түсіндіріледі. Кіріс сигналы тұрақты құраушысы жоқ, қайталанатын тік бұрышты импульс деп алайық (3(а) сурет). Шығыс сигналының құрамында (3(б) сурет) тұрақты құраушысы бар және шығыс импульстарының ұзақтығы кіріс сигналының ұзақтығына қарағанда үлкен. Интегралдайтын тізбектердің бұл қасиетін кейбір импульстарды кеңіту схемаларында пайдаланады. 3(в) суретегідей қосылған әдеттегі RC-тізбек неғұрлым қарапайым интегралдайтын үшұшты болып табылады.



3 сурет – Мінсіз интегратордың кірісіндегі (а) және шығысындағы (б) сигналдар: қарапайым RC-тізбегінің схемасы



Қарапайым дифференциалдайтын RC-тізбек интегралдайтын RC-тізбекке ұқсас, онда тек шығыс кернеуі конденсатордан емес, активті кедергіден алынады (4 сурет).

4 сурет – Дифференциалдайтын RC-тізбек.






12


12 дәріс. Комбинациялық схемалар

Жоспар: 1. Триггерлер.

2.Счетчиктер.

  1. Регистрлер.

  2. Арифметикалық – логикалық құрылғы.

Әрбір ақпарат материалды тасымалдауышты қажет етеді. Электроникада ондай тасымалдауыш – заряд болып табылады. Ақпаратты өзгермелі электр тогы немесе қуат түрінде көрсетуге болады, оны сигнал деп атайды. Сигналдармен нақты операциялар жүргізуді логикалық деп атайды. Қарапайым операциялар қарапайым логикалармен жұмыс істейді. Күрделі операцияларды жасау үшін олардың ақпаратты сақтауын қамтамасыз ету керек. Ол үшін сақтау құрылғысы керек. Триггердің схемасы элементарлы жады ұяшығы болып табылады. Триггер автоматтандыруда, есептеуіште және өлшеуіш техникаларында кең қолданыс табады.

Триггер (ағылшын тілінен аударғанда trigger - ілгешек) дегеніміз, екі тұрақты күйі бар, басқарушы қуатты әсер ету арқылы бір тұрақты күйден басқа күйге өтуін айтамыз. Сыртқы әсердің болмауына байланысты триггер бір қалыпты күйде көп уақытқа дейін бола алады, ондағы кіріс сигналымен басқарушы шығарылады. Қарапайым триггерге RS-асинхронды триггер жатады (1 сурет). S кірісі Q шығысының "1" күйге кіру құрылғысы болып табылады, яғни S=1 болғанда Q=1. R кірісі Q құрылғысының "0" күйге кірісі болып табылады, R=1 болғанда, Q=0.

1 сурет – Қарапайым асинхрондық RS-триггердің шартты түрде белгіленуі.


Егер кірістегі сигнал S және R арқылы анықталса, ал шығудағы Q-дан және Q арқылы, онда ауысулар арасындағы байланысты былай өрнектеуге болады:

Q=S+Q; Q= R+Q (1)

Бұл жерде шығу сигналы бір біріне қатысты қарама-қарсы. Бірінші әріптеріндегі ағылшын сөзінен Set – орнату, reset – лақтыру (болдырмау). S=1, R=1 триггер бірлік күйде орындалатынын есепке алу керек. Сәйкесінше бұндай триггердің жұмысы ақиқат кестесімен анықталады (1-кесте).
1 кесте – Асинхрондық триггердің ақиқат кестесі


S

R

Q

Q

0

1

1

0

1

0

0

1

1

1

Анықталмағандық

0

0

Рұқсат етілмейтін күй

S=R=0 командасы болмайтын команда болғандықтан триггердің екі күйі бірлік күйге ауысып және кіріс сигналдарды алғанна кейін қандай күйде болатыны белгісіз.

Асинхронды триггерді екі базалық логикалық элементтен 2ЖӘНЕ-ЕМЕС немесе 2НЕМЕСЕ-ЕМЕС арқылы құрастыруға болады, мұндағы 2 саны элементтің кіріс тізбектерінің санын көрсетеді (2(а) сурет). Схемадағы кері байланыс әрбір элементтің кіріс кезіндегі шығу сигналы арқылы анықталады. Кіріс және шығыс өлшемдері арасындағы байланыс бұндай триггерде былай көрсетіледі

Q=S^Q ; Q=R^Q (2)



Нөлдік потенциалмен басқарылатын асинхронды RS-триггерінің шартты графикалық көрінісі 2(б) суретте көрсетілген.

2 сурет – Асинхронды RS-триггерінің базалық 2ЖӘНЕ-ЕМЕС типті элементтері арқылы құрастырылымы (а) және шарттық бейнеленуі (б)

ЕМЕС схемасы бойынша қосылған ЖӘНЕ-ЕМЕС бірлік сигнал жолымен басқарылатын RS-триггер жасауға болады. Бұл жағдайда триггердің ауысу күйі S-S немесе R-R ЕМЕС элементтерінің өзгеру арқылы болады.


  1. Кіріс сигнал келгенде асинхронды триггер жылдам қосылады. Көптеген автоматты құрылғыларда триггерлерді ауыстыру кезінде синхрондау қажеттілігі туады. Ондай триггерлерде оң импульс болады. Ондай кезде S және R кірісіндегі ақпаратты триггер тек тактілік жиілік импульс қосымша кіріс болғанда қабылдайды. Ондай триггер 1 және 2 триггер кіріс тізімінің өзгерісінен құрылады. Жиіліктік триггерде асинхронды триггерге қарағанда үлкен логикалық мүмкіндіктері бар.




13


13 дәріс. Микропроцессорлық жүйелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет