2. ДӘріс тезистері



бет11/13
Дата17.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#28338
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жоспар: 1.Ақпаратты ауысудың магистральдік жүйесі.

2.Интерфейстер.

3.Процессор.

Микропроцессор негізгі төрт бөліктен тұрады: регистрлер, арифметикалық-логикалық құрылғы, синхрондық және басқарушы тізбек және дешифрация тізбегі. Микропроцессор команда немесе программаны жадыдан шығарып, регистр командаларына енгізіліп, дешифрленген түрдеконструкцияланған.

Программа әр түрлі регистр деректеріне және арифметикалық-логикалық құрылғыға жөнелтеді және оларды шығарып алады. Микропроцессордегі қолданылатын регистрлер мен арифметикалық-логикалық құрылғылар деректер мен ақпаратты тазарту үшін қолданылады.

Әр түрлі микропроцессорлардың бір-бірінен айырмашылығы олардың сызбасы мен командаларды теруінде.



Бірінші суретте көбіне 8-разрядты микропроцессорлардың негізгі түйіндері көрсетілген.

Өйткені регистрлердің атауы мен саны түрлі микропроцессорлерде әр түрлі, олар бөлек аталып көрсетілген.

Ол деректерді жадыдан немесе кіріс/шығыстан қабылдау немесе сақтау үшін қолданылады.

Сонымен қатар оның арифметикалық-логикалық жұмысы құрылғымен байланысты.

Аккумулятордағы разряд саны микропроцессордағы сөздің мөлшерін анықтайды. 8-разрядты микропроцессордың сөз мөлшері 8 разряд.

Шарт коды регистрі - бұл 8 разрядты регистр, ол программистке кейбір программа нүктесінде микропроцессордың күйін тексеруге мүмкіндік береді. Микропроцессорға байланысты бұл регистр-процессор күйі регистрі, күй регистрі немесе жалауша регистрі деген атауларға ие бола алады. Бұл регистрдегі бір разряд жалауша разряды деп аталады. Ең жиі кездесетіндері толып кету жалауы, нөлдік жалауы және белгі жалауы. Алмасу немесе қарызға алу қажеттілігін анықтау үшін арифметикалық орындалу-толып кету жалауында қолданылады. Барлық нәтиже немесе команда разрядтарында нөлдің бар жоғын анықтау үшін нөлдік жалау қолданылады. Оң немесе теріс сан белгісін көрсету үшін белгі жалауы қолданылады.

Командалар есептегіші - бұл 16-разрядты регистр, ол жадыдан алынған команда мекен-жайын құрайды. Келесі команданың мекен-жайын алу үшін командалардың орындалуына байланысты есептеуіш құрамы бірлікке көбейеді. Бірақ командалардың реті кірістіру немесе өтіп кету командалардың көмегімен өзгертілуі мүмкін.

Стек көрсеткіші - бұл 16-разрядтық регистр, ол стекте сақталатын деректер жады ұяшығы мекен-жайын құрайды.

Көбіне микропроцессорлар бірдей әр түрлі машиналық кодтар және бірнеше жекеленген негізгі команда құрлымына ие болады.

Негізгі командалар 9 категорияға бөлінеді:


  1. Деректер ауысуы

  2. Арифметикалық

  3. Логикалық

  4. Салыстыру мен тексеру

  5. Айналу мен қозғалту

  6. Программамен басқару

  7. Стек

  8. Енгізу/шығару

  9. Әр түрлі

Деректер ауысуы командалары - микропроцессордың және жадының ішінде деректерді бірорыннан екіншісіне ауыстырады. Деректер параллель формада бірден 8биттен бір уақытта бір жерден екіншісіне ауысады.

Арифметикалық командалар - арифметикалық-логикалық құрылғыға әсер етеді.

Неғұрлым күштірек командаларға қосу, алу, өсіру және азайту амалдары жатады. Бұл комнадалар микропроцессорға деректерді өңдеу мен есептеу мүмкіндігін туғызады. Олар компьютерді еркін логикалық тізбектен ажыратады. Осы командалар жұмысының нәтижесі аккумуляторға орналасады.



Логикалық командалар бұл командалар құрамын келесідей бір немесе бірнеше булевтік операторлар бар: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, олар НЕМЕСЕ-ні болдырмайды. Олар бір уақытта АЛУ-да сегіздік биттермен жұмыс істейді, ал осы команданың жұмыстарының нәтижесі аккумуляторға сияды.

Салыстыру командалары деректерде аккумулятордағы жады ұяшығындағы немесе басқа регистрдегі деректерді салыстырады. Салыстыру нәтижесі аккумуляторда сақталмайды, бірақ нәтиже салыстыру кезінде бит жалаушасы өзгеруі мүмкін.

Айналу мен қозғалту командалары регистрде немесе жадыда деректерді оңға немесе солға 1 разряд ауыстыру арқылы өзгереді.

Программамен басқару командалары есептеуіш мазмұнын өзгертеді. Осы командалар микропроцессорге белгілі-бір жады ұяшықтарын әр түрлі программа орындалуын немесе сол программаның бөлігін қайталау үшін таңдауға мүмкіндік береді.

Стек командасы микропроцессордың әр түрлі регистр стегі. Стек бұл уақытша жады ұяшығы, ол программаға ауысу кезіндегі уақытта есептеуіш команданың құрамын сақтау үшін қолданылады.

Енгізу/шығару командасы тек қана енгізу/шығару құрылғыларымен басқару үшін арналған. Арнайы енгізу/шығару командаларында толық емес 8-разрядтық процессорлары бар.

Егер микропроцессор енгізу/шығару командасын сыртқы құрылғылармен жұмыс істеу үшін қолданса, бұл енгізу/шығару тәуелсіз деп аталады.

Кейбір командалар жоғарыда айтылғандардың біреуіне де жатпайды. Осы командалар бірге біріктіріліп, әр түрлі командалар деп аталады. Осы командалар ішінде үзілу сызығына рұқсат беретін және бермейтін, бит жалаушасын тазартатын немесе орнататын немесе микропроцессорге екілік-ондық кодтағы арифметикалық операцияларын орындайтындар орналасқан. Олардың арасында программа орындалуын тоқтататын немесе уақытша үзетін командалары бар.

Микропроцессорлық модульдің 80% МП-ді қолдану бұл - әртүрлі автоматталған жүйеге енгізілген басқару және 20% - ЭЕМ-ді құрастыруға арналған.






14


14 дәріс. Радиоэлектрондық құрылғылардың электр қорегінің екінші көздері

Жоспар: 1. Құрылымының принциптері.

2.Түзеткіштер.

3.Электр қорегінің импульстік көздері.

Электрондық басқарғыштарды, өлшеу және есептеу техникаларын тұрақты токпен қамтамасыз ету үшін аз қуатты (өлшемі, 10 және 100 Вт) қорек көздерін қолданады, олар әдетте энергияны айнымалы тоқтың бірфазалы тізбегінен алады. Мұндай қорек көздері қазіргі уақытта түзеткіштермен құрылады. Оның жұмысы электр энергиясын көп рет айналдыруға арналған.

Қорек көзі жалпы жағдайда келесі түйіндерден тұрады (1 сурет):

Т – трансформатор, қорек көзі шығысындағы кернеу мен желідегі кернеудің қатысына тәуелді кернеуді жоғарылатады немесе азайтады;

ВК – вентильдік жинақ, айнымалы тоқты бір бағыттағы тоққа айналдырады;

С – түзетілген кернеудің пульсациясын жазуға арналған сүзгі;

КТ – тұрақты кернеудің тұрақтандырғышы, ол қорек алтын желінің жүктемесі, кернеуі өзгерген жағдайда шығыс кернеуінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

1 сурет – Аз қуатты тұрақты кернеу қорек көзінің құрылымдық схемасы


Тұрақты тоқтың өнеркәсіптік желілеріне қорек беру үшін түзеткіштер көпір схемасы бойынша орындалады. Қорек әдетте талап етілетін қуатқа байланысты 380, 500 немесе 660В кернеумен үш фазалық желіден жүзеге асырылады және көп жағдайларда кернеуді келістіру үшін трансформатор қажет етіледі, ол сонымен қатар айнымалы және тұрақты тоқ желілерінің гальваникалық торабын қамтамасыз етеді.

Жалпы өндірістік түзеткіштердің шығыс кернеуі 30-4000 В диапазонында болады және олар 100-2000 А жүктеменің тоғына есептелінген.



Көп жағдайларда түзеткіштер басқарылмайтын вентилдермен орындалады (2 сурет) және бұл кезде реттейтін трансформатор жоқ болады. Егер түзетілген кернеудің талап етілетін реттеу диапазоны аса жоғары болмаса, салыстырмалы аз есептеу қуаты бар реттейтін трансформатордың орамалары негізгі кернеумен тізбектей қосылады.

2 сурет – Түзеткіштің схемасы


1-күштік сөндіргіш; 2-айналдырғыш трансформатор; 3-вентильдер жиынтығы; 4-токты өлшегіш немесе реттегіш; 5-кернеуді өлшегіш немесе реттегіш; 6-реттегіш трансформатор.



15


15 дәріс. Электрондық күшейткіштер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет