2. ДӘріс тезистері



бет30/31
Дата22.04.2022
өлшемі277,63 Kb.
#31934
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
2. Д ріс тезистері

Құрғақ зат анализі.

Зерттелетін затты суда, қышқылдарда және сілтілерде еріту

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Құрғақ зат анализі. Құрғақ затқа алғашқы сараптама.

2. Ерігіштігін анықтау.

3. Құрғақ зат құрамындағы катиондар мен аниондарды анықтау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құрғақ зат анализі. Құрғақ заттың судағы, қышқылдағы, сілтідегі ерігіштігін анықтау. Суда еритін заттарды анализдеу әдісі. Алдымен катиондарды анықтайды. Содан аниондарды анықтайды.Суда ерімейтін заттарды анализдеу әдісі.

Заттың ерігіштігін оның өте аз мөлшерімен жүргізіп анықтайды. Қатты затты әуелі суық, одан кейін ыстық суда ерітеді. Егер зат толық ерімесе, тұнбаны центрифугалап, микропипетка көмегімен бөліп алады. Сулы экстрактты сағат шынысына қойып, буландырады. Зерттелетін затты сұйытылған хлорсутекті қышқылда ерітеді. Егер зат ерімесе, концентрацияла хлорсутек қышқылында ерітеді. Сол сияқты HNO3, H2SO4, HF (платина немесе полиэтилен ыдыста) және хлор қышқылдарында, патша рағында, аммиак ерітіндісінде, күйдіргіш сілті, органикалық еріткіштерде ерітіп көріп, зерттейді.

Зерттелетін зат суда, қышқылда және сілтіде еритін болса жүретін құбылыстар мен қоса жүретін процестерді тиянақты бақылайды.

Мысалы, судың әсері еритін затың гидролитикалық ыдырауымен қатарласады. Бұл жағдайда негіздік тұздар және гидроксидтер тұнбалары түзіледі, ерітінді қышқылды және сілтілі орта болады.

Хлорсутек қышқылының әсері газтәрізді сутек бөлінумен (бос металл бар екендігін көрсетеді), газтәрізді хлор бөлінуімен (ххх бар екендігі көрсетеді) қосарлана жүреді.

HNO3 азот оксидтерінің (ххх бар екенін көрсетеді) бөлінуін көрсетеді.

Зерттелетін зат қалдықсыз еритін еріткіш таңдап алу қажет. Кейбір жағдайда зат бір етіткіште аздап, екінші еріткіште де аздап еритін болады. Мысалы, заттың бір бөлігі – суда, бір бөлігі хлорсутек қышқылында, қалдығы – аммиак ерітіндісінде ериді. Мұндай жағдайда жекелеген ерітінділерден ортақ қоспа жасалынады, оның ортасы қышқылды болады. Кейде араластыру кезінде тұнба түсетін болса, зерттелетін заттың еритін және ерімейтін бөлшектерін жекелеп талдайды. Бұл түзілген тұнба ары қарай жүргізілетін талдауға кедергі жасамайды. Мысалы, суда еритін заттары бар сулы ерітінді (Na2SO4) хлорсутектің ерітіндісімен араласқанда, бұл ерітіндіде суда бұрынырақ еріген зат иондары, аммиакты ерітінді болатын болса, анализге бөгет жасайтын тұнба түседі.

Қалайда ерімейтін тұнба түсетін болса, онда оларды жеке анализдейді.

Суда, қышқылда ерімейтін заттары ерітіндіге басқа әдістермен ауыстырып талданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет