2. ДӘріс тезистері



бет3/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Аралық бақылау сұрақтары:

  1. Философияның негізгі сұрағы қандай?

  2. Ғылым мен философиядағы әдіс мәселесі

  3. Қоғам өміріндегі философияның алатын ролі

  4. Мифология және философия рухани дүниені танудың негізгі формасы ретінде

  5. Философияның пайда болуы жөнінде дискуссия




1

№ 2
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Көне Үнді және Қытай философиясының ерекшеліктері
2. Көне Үнді философиясы. Ортодоксалдық және бейортодоксалдық мектептер
3. Ежелгі Қытайда философияның пайда болуы. Негізгі мектептері мен өкілдерінің ілімдері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тарихи-философиялық процесстер туралы түсініктер. Шығыстық философиялық ойларға азияорталықтық және еуропаорталықтық көзқарастар. Компаративистика. «Шығыс-Батыс» диалогы қазіргі заманғы әлемдік философияның өзіндік ерекшелігі ретінде.
Ежелгі Қытай философиялық мұралары. Қытайдағы философиялық ойлардың сипатты белгілері: космологизм, гилозоизм, консервативтік сипат, этикалық-саяси мәселелерге қызығушылық. Негізгі философиялық мектептер және олардың өкілдері. Конфуцийдің этикалық-саяси ілімі және оның ілімін жалғастырушы өкілдері. Мо-Цзы ілімі. Моистердің таным теориялары. Даосизм.
Ежелгі шығыс өркениетінің экономикалық негізі егін шаруашылығы болды. Дүниені, ежелгі сенімді сақтауға бағытталған дәстүрлі дүниеге көзқарасты қалыпта ұстауда, дәстүрлі жер технологиясы мен қауымдық өмірдің ролі зор болды. Дүниені сезіну дәстүрінің ерекше сипаты ол табиғатты жан ретінде қарау, ата-бабаға, өткен шаққа табыну.
Бұл жерде біз атеистік және тұрпайы-материалистік көзқарастың да туа бастағанын кездестіреміз. Жаратылыстану көзқарастарымен біртұтас бола тұрып, бұл көзқарастар ғылымның дамуына тиянақты негіз болды, дінге қарсы күреске мүмкіндік туғызды.
Философиялық идеялардың дүниеге келуі өте ұзақ процесс болды, мифологиялық қабылдаудан білімге сүйенетін дүние танымға үздіксіз күрес, іздену арқылы жауап іздестірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет