2. ДӘріс тезистері



бет35/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Дәріс тезистері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ислам дінің шығуы мен таралуы. Құран кәрім. Мұхаммед Пайғамбар. Араб халифаты елдеріндегі философия мен ғылым: Шығыстық Ренессанс. Ислам әлеміндегі рухани мәдениет орталықтары. Исламдық араб мәдениетіндегі синкретизм. Исламның негізгі бағыттары: суннизм, шиизм. Суфизм – мұсылмандық діни-философиялық ойдың бағыты ретінде.
Орта ғасырдағы араб философиясына антик философиясы орасан әсерін тигізді. Араб ойшылдары антик мұрасын сақтап қана қойған жоқ, оны шығысқа таратты, еңбектерді грек тілінен араб тіліне аударды.
XI ғ. Арабтық шығыста антик философиясы мен ғылыми еңбектері түгілдей дерлік белгілі болды, оларға бірінші кезекте Архимед, Аристотель, Гален, Платон, Птоломей, Пифагор т.б. шығармалары жатады. Аристотель, Платон, неоплатониктер және антика соңындағы коментаторлардың табиғаттану мен философиялық шығармалары аса кең тарады. Оларды насихаттауда Европадан қудаланған Платон мен Аристотельдің шәкірттері үлкен роль атқарады. Үлкен қалаларда философиялық, ғылыми мектептер құрылды, онда медицина, астрономия, математика, география сұрақтары да терең оқылды. Білімнің жаппай жетілуіне ислам діні де септігін тигізді, ғылым іздеу әр мұсылманның парызы саналды. Классикалық ислам білімді дәріптеп, даналықты пір тұтты. Тағам денеге қанша қажет болса, білім жанға да соншалықты қажет деп саналды, ол өмірдің өзімен теңестірілді. Егер жүрек білімді үш күн бойы алмаса, ол міндетті түрде өледі деп түсіндірілді. Білім нәтижесінде адам мәңгілікке жетеді, себебі "білім мен кітап - дананың мәңгі ұрпағы" делінді.
Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі - Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.
Бұл үлкен “аудармашылық қозғалыс² ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің “Альмагестінен² бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс Vққ ғасырдың аяғынан бастап Х ғасырға дейін созылды.
Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың “Зидж Абу-Миамар² деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық таблицалары латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқулығына айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізгенде сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Ибн-Афьян алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді “химия ғылымының әкесі²,- деп атайды. Закария Разидің “Барлығын қамтитын кітабі² да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет