2. ДӘріс тезистері


Ағымдық бақылау сұрақтары



бет33/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Дәріс тезистері

Ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Антикалық философияның пайда болуы мен өзіндік ерекшелігі.

  2. Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм және оның бағыттары мен мектептері. Натуралистердің негізгі өкілдері.

  3. Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.

  4. Милет мектебі. Гераклит. Элей мектебі. Пифагор. Демокрит атомизмі.

  5. Софистер және Сократ философиясы.

  6. Ежелгі грек философиясының классикалық философиясы.

7.Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі: негізгі мектептері.
Аралық бақылау сұрақтары:

  1. Антикалық ой: мифтен натурфилософияға Логос және метафизика

  2. Аристотель: болмыс пен таным туралы ілімі

  3. Эллинизм дәуірінің философиясы. Антика философиясының мәні.

  4. Платонның философиялық ілімі – «идеялар әлемі».

  5. Ерте эллинизм философиясы: киниктер.

  6. Ерте эллинизм философиясы: эпикуршылар

  7. Ерте эллинизм философиясы: Стоиктер

  8. Ерте эллинизм философиясы: Скептицизм.

1

№ 4
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Христиандық дүниетанымның ерекшеліктері.
2. Ортағасыр философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика.
3. Номиналистер және реалистер мәселелері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Христиан дінінің шығуы. Библия. Христиан догматикасы мен принциптерінің ортағасырлық философияның қалыптасуындағы маңызы және оның ерекшеліктері. Ортағасырлық христиан философиясының дамуының негізгі кезеңдері: алғашқы патристика, классикалық патристика, схоластика.
Егер құлиеленуші қоғамда ғылыми-материалистік және диалектикалық көзқарастың бастамасын салған көптеген атақты ойшылдар болса, феодализмде -орта ғасырда (ІУ-ХУ ғғ.) ғылыми танымға қарсы діни - идеалистік көзқарас үстемдік етті. Философиялық жүйелер теоцентристік болды, яғни ең биік реалдық деп табиғат емес, құдай саналады, ол шексіз билеуші, барлық болмысты тудырушы жөне анықтаушы. Сондықтан барлық көңіл соны тануға аударылуы керек еді.
Сол кездегі ойшылдар түгелдей дерлік уағыздаушылар, не діни мектептердің ұстазы болды. Осыдан философия жүйелері мүғалімдік, үйретуші сипатта келеді, оның схолистика (латынша мектеп) аталуы да сондықтан. Схолистиканың ролі діни қағидаларды қорғау және жүйелеу, абстракциялық логика жолымен дәлелдеу. Философияның басты міндеті құдайдың өмір сүруіне арналған тезистерді бекіту болды.
Августин Блаженный (354-430) - христиан теологі, шіркеу аталарының бірі. Ол тарихи оқиғалар құдайдың болжауымен болатынын, қоғам өмірін екі қарама-қарсы күштердің (күнәһәр-кәпірлік, құдайлық) күресі екенін айтады. Біріншісі Рим империясының мемлекет мекемелерінде, екіншісі қүдайдың рахымын алған шіркеуде орын алған. Олардың күресі шіркеудің толық жеңісіне жеткізеді, католик дінін билуші етеді. Зиялы билікті жоққа шығармаса да Августин оның үстінен дін үстемдігінің болуын қалады. Августин Дүниенің жаратылу мәселесін ертедегі гректерге қарағанда басқаша шешеді. Плотиннің Демиургі Августиннің Құдайынан тіпті бөлек. Өйткені, оның жоғарысында “Идеялық әлем² - үлгі ретінде, ал төменгі жағында мәнгілік өмір сүріп жатқан еш бітімі жоқ материя жатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет