Марксизм, маркстік-лениндік философия көп жылдар бойы халықаралық беделге ие болып келді. Шығыс Европа, Азия, Африка, Латын Американың кей елдерінің ресми идеологиясы саналды. Россия кейін Совет одағында марксизмнің иделарын (80 жылдардың ортасында Совет одағы мен социалистік лагерьде әлеуметтік-саяси революциялық өзгерістер басталып, марксизмді жан-жақты сынау басталды. Оның көп қағидалары уақыт талабынан шықпады. Марксизмнің дінге ашық қарсы болуы Совет кезінде бұл діни мекемелерге, қызметкерлерге саяси күш жұмсауға әкелді.
XX ғ. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы мәдени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыру. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасына, XX ғ. батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Батые әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.
Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.
М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX ғ. экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю жөне әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамньщ сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметгік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларьшдағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау ( К.Ясперс ).
Персонализм философиясының діни-философиялық ізденістері. «Құдайға оралу» және «Құдайға деген махаббат»—батыстық діни философтардың дүниетанымдық ұстанымы, батыстық адамның адамгершіліктік жетілуінің және кісілікке қайта оралуының жолы есебінде.
Мәдени талықсытпа және адамның одан шығу жолын іздестіруі. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал. Адам өмір сүруінің қақтығыстары мен драматизмі, «бақытсыз сананың» қалыптасуы (психоанализ).
«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұқаралық мәдениет пен мәдени индустрияның әсерінен-бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылым мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.
Философия мен ғылым мәртебесінің сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвйстикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалык-методологиялық мәселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.