Дәрістің қысқаша мазмұны: Қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан, бiздiң арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол, бiрiншiден, табиғатқа бас июдi, оған табынуды талап еттi - қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркiне сай етiп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазiргi тiлмен айтқанда экологиялық санасы биiк деңгейде болған;
Екiншiден, бiздiң бабаларымыз тұрақты бiр жерге байланбағандықтан ерiктi болып бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерiнде ешқашанда құлдық болмаған;
Үшiншiден, негiзiнен алғанда, көшпендiлiк теңдiктi талап етедi, оған тән саяси формалар - соғыс демократиясы, әрi кеткенде - алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерiнде ешқашанда болған жоқ, ол көшпендiлiк шаруашылық формасының табиғатынан шығады;
Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырмашылықтар аз болғандықтан теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жұрiп жатқан қайта әлеуметтiк топталу - рестратификация - (аса байлар мен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесiнде ауыр жарақаттар қалдыруда;
Бесiншiден, байлыққа жетуден гөрi ар-намысты жоғары ұстау - бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де қазаққа тән нәрсе;
Алтыншыдан, ұжымдық мүдденi жеке мүддеден гөрi жоғары ұстау - ол да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық;
Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону барысында әрқашанда неше-түрлi қиындықтарды, қауып-қатерлердi бастан кешуге тура келедi - ол ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi. Сондықтан, беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиеттi бұкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясатқорлар оны бiлуi қажет;
Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауып-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейiн ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап өмiрден алудан гөрi болуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше-тұрлi сайыстарға қатысу, “бiр сырлы, сегiз қырлы болу» - бабаларымызға тән нәрселер болған;
Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да бiздiң халықтың керемет қасиеттерiнiң бiрi;
Оныншыдан, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi - ата-ананы, үлкендердi сыйлауы.