2. ДӘріс тезистері



бет22/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Дәріс тезистері

Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Көптеген философиялық ілімдерде өткен мен бүгінгі күнде де болмыс категориясы орталық орын алады. Философияға бұл терминді алғашқы болып философ Парменид (б.з.д. Ү-ІҮ ғ.) енгізді. Болмыс философиялық категория, ол дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейді. Болмыстың негізгі формаларына жататындар:
1) заттар болмысы; 2) адам болмысы; 3) қоғам болмысы; 4) рухани болмыс. Басқаша айтқанда, болмыс категориясы материалдықты және руханиды қамтиды. Бұл категория, барлық реалдықтың түрлерін жинақтайтындықтан мазмұны жағынан ең кең деп саналады. Болмыстың әр формасы айрықша өзінің заңдарымен дамып отырады. Олардың барлығының шекті негізі, субстанциясы ретінде материя саналады.
Материя философиядағы ең бір фундаменталдық ұғым. Әрбір тарихи дәуірде материя ұғымы дүние туралы ғылыми білімнің деңгейімен анықталады. Алғашқы материя туралы ұғым ежелгі заманда-ақ пайда болды. Күнделікті тәжрибеге және бақылауға сүйеніп, ежелгі заман материалистері, бізді қоршап түрған дүниедегі бүкіл құбылыстардың ең алғашқы негізі, яғни субстанциясы бар деп санады. Ежелгі гректер сондай субстанция ретінде су (Фалес), ауа (Анаксиман), от (Гераклит) т.б. деді.
Сонымен, категория субстанциясы өзі өмір сүретінін әртүрлі оқиғалардың, құбылыстардың, нақты заттардың ішкі бірлігін белгілейді. Субстанцияның түсіну әртүрлі болуы мүмкін: оны материямен рух мәнінде де ойлауға болады. Философиялық бағыттардағы дүниенің бірлігін бір субстанция деп санау монизм, екі субстанция деу дуализм, коп субстанция -плюрализм деп аталады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Болмыс туралы философиялық ілім:

A) Онтология;
B) Гносеология ;
С) Антропология;
D) Аксиология;
E) Гуманизм.
2. «Материя» категориясына анықтама беріңіздер:
A) Объективтік реалдылық;
B) Атомдар және элементарлық бөлшектер ;
С) Субъективтік реалдылық;
D) Қоғамдық құрылыстар жиынтығы;
E) Адамның идеялары мен идеалдары.
3. Диалектика – философиялық ілім:
A) Дамудың жалпы заңдары туралы;
B) Күн жүйесінің шығу тегі туралы ;
С) Дүниенің өзгермейтіндігі туралы;
D) Болмысты танып-білу туралы;
E) Кеңістік пен уақыт.
4. Диалектикаға қарама-қарсы бағыт:
A) Метафизика;
B) Индукция ;
С) Дедукция;
D) Анализ;
E) Синтез.
5. Даму туралы философиялық ілім:
A) Диалектика;
B) Метафизика;
С) Релятивизм;
D) Догматизм;
E) Гуманизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет