Бірінші құрылымға жаттықтырушының дүниетанымдық және адамгершіліктік сапалары жатады (шәкірттеріне спорттық іс-әрекеттегі әлеуметтік және кәсіби тәжірибені беруге деген тұрақты ұмтылыс пен ниет).
Екінші құрылымғажаттықтырушының кәсіби іс-әрекеті барысында қалыптасқан сапалары жатады:
- шәкірттердің оқуы мен демалысын ұйымдастыра алу қабілеті
- кәсіби-іскерлік сапалар
- балалар спорт ұжымында орын алған әдіттер мен дәстүрлер
Бапкердің жұмысы -спортшылардың іс-әрекеті мен тәртібін басқару болып табылады. Бапкердің жұмысы жан-жақты болып келеді. Бапкер жұмысын талдай отырып, үш негізгі функцияларын бөліп қарастыруға болады:
Ақпараттық функция. Бапкер – бұл бірінші кезекте маман, спорт саласындағы білімнің қайнар көзі. Ол спорт саласында білімі өте кең болуы керек, соның ішінде ең маңыздысы спорттың теориялық және әдістемелік жағынан білімі жетік болуы шарт. Бапкер жұмысындағы ең маңыздысы – ол әрқашан өзінің білімін жетілдіріп , толықтырып отыру, бапкерлік санатын арттырып отыру, спорттық білімін жаңартып отыруы керек. Спорттық ғылымның жетілуімен бірге, ол да өзін үнемі жетілдіріп жүруі шарт.
Оқытушы функция. Бапкер мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдісті жүзеге асырады. Бапкердің бастамасымен спортшылар өздерінің білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін, физикалық қасиеттерін жетілдіре түседі.
Тәрбиелік функция. Әлбетте бапкер – бұл спортшының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуші, саналылық және патриоттық сезімдерін дамытушы адам. Ең маңыздысы бапкердің өзі моральды-жігерлі қасиетке ие болуы керек, себебі әр спортшы бірінші кезекте өз оқытушысынан үлгі алады, оған ұқсағысы келеді.
Басқарушылық функция. Бұл функция бапкерлік жұмыстағы ең бастысы болып табылады. Ол бапкерге спорттық команданы басқарушы ретінде, спортшылардың өміріне толықтай жауапкершілік жүктеледі. Спорттық міндеттерді ұйымдастырудан бастап, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге дейін жауапты болып келеді.