Дәріс 1. Қазақстанда дене шынықтыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихи алғышарттары.
Дене тәрбиесінің жүйесі. Оның негізгі: дүниетанымалдығы, теориялық-әдістемелік, ұйымдастырудың нормативті бағдарламасы. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік педагогикалық жалпы қағидалары.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз-әлеуметтік экономикалық заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселен үйлестіріп отырған әрі басшылық ететін ұыймдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жұйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделді.
Білім беру міндеттері-қимылдық ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
Тәрбиелік міндеттер-адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастырға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады.