2-дәріс Тіл мәдениеті туралы түсінік Мақсаты



бет1/12
Дата30.09.2024
өлшемі93,2 Kb.
#146121
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word


2-дәріс
Тіл мәдениеті туралы түсінік
Мақсаты: тіл мәдениетін сақтау үшін стилистикалық қателер мен дәлсіздіктерді талдай білуге үйрету.


Жоспары

  1. Дискурс пен мәтіндегі коммуникативті-прагматикалық қызметі.

  2. Дискурстағы эксплицитті және имплицитті мағыналық компоненттердің қызметтері.

  3. Дискурстағы коммуникант-тардың сөйлеу тактикасы мен стратегиясынын сөйлеу иитенциясының, пресуппозициясының дәрежесі.

  4. Мәтін туралы ғылыми көзқарастар.

Әрбiр мәтiн өзiнше бiрегей, алайда функционалды стиль белгiлейтiн белгiлi бip зандылықтар бойынша мәтiн қандай жанрға жататындығына, оның басты коммуникативтi мiндетiне қарай және тематикалық құрылысына қарай құрылады. Мәтiннiң тематикалық құрылысы бiрыңғай емес, ол өзара байланысқан, соның iшiнде микротемаларды (толық анықтама, шектеулi суреттеу объектiсi) және макротемаларды (бip-бipiмeн байланысқан ойталқы жағдайларының жиынтығы, дискурс; өзара байланысқан дискурстер, мәтiн параграфтары, бөлiктерi) қамтылатындығын Г.В. Колшанский баса айтады. Микро және макротемалар бip-бipiмeн микро­ және макроқұрылымдық байланыста болады. Алайда микромәтiн мен макромәтiн және микроқұрылым мен макроқұрылым арасында тура пропорционалды байланыстылық жоқ: абзац макроқұрылым ретiнде көп тематикалы да монотематикалы да бола алады.


Кез келген мәтiн оның құрылымдық және семантикалық ұйымдасуы тұрғысынан қарастырылады. Қаралатын екi аспектi де бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты және тiлдiк деңгейдегi элементтерi мәтiн ұйымдасуының құрылымдық та, семантикалық та тәсiлдерi ретiнде қызмет ете алады. Мысалы, лексикалық қайталама тiзбегiнiң құралы ретiнде мәтiннiң семантикалық ұйымдасуына қызмет етедi. Алайда сол лексикалық қайталама сөйлем iшiнде бipiнeн соң бipi келiп, сөйлемдер арасында тiзбектелген синтаксистiк байланыстың құралы болады.
«Мәтiннiң семантикалық ұйымдасуының денотативтi аспектiсiндегi бipлiгi белгiлеу (немесе номинация), ол тiлдiк элемент пен өзi көрсететiн тiлден тыс объект арасындағы байланыс», - дейдi В.Г. Гак. Аталған объект тұрғысынан бip объектiлi және әр түрлi объектiлi номинацияларды ажыратуға болады. Екеуi де мәтiннiң семантикалық ұйымдасуына қатынасады.
Бipiнiң артынан бipi келген сөйлемдерде сол бip ғана объектiнi немесе объектiлер арасындағы қарым-қатынасты білдiретiн сөздер мен сөз тiркестері мәтiннің семантикалық ұйымдасуына ықпал етедi. Лексикалық бiрлiктер немесе сөз тiркестерiнiң арасында семантикалық эквиваленттiлiк қатынас болады, олар немiс мәтiн зерттеушiлерiнiң еңбектерiнде «топиктер» деген атқа ие болған. Топиктер мәтiнде «топиктер тiзбегiн» құрайды. Ал Кеңестер Одағының лингвистерi көбiнесе «номинациялық тiзбек» терминiн қолданған, осының нәтижесiнде мәтiннiң семантикалық ұйымдасуы iске асады. Әрбiр мәтiнде әр түрлi объектiлi номинациялар негiзiнде бiрнеше номинациялық тiзбектер түзiледi, олардың жиынтығы мәтiн изотопиясын жасайды. Номинациялық тiзбек элементтерi бip-бiрiмен синтагматикалық емес, парадигматикалық қарым-қатынастық байланыста болады.
Э.Агрикола топиктердiң жасалуының төмендегiдей тiлдiк тәсiлдерi мен топиктiк тiзбектерiн көрсетедi:
1. Сөздер мен сөз тiркестерiнiң қайталамасы: мысалы: Күн ұзаққа Айдарбектiң үйi ұрыспен болды. Бұрын мұндай ұрыс болғанда, аяқ жағы таяққа тiрелiп, Зейнептiң етiне көбiне таңба түсiп қалатын. Ұрыстарының көбi болмашы нәрседен шығатындықтан, Зейнептiң сөзi Айдарбекке кей кездерде өстiп келiп, тебелессiз де жарасып кете берушi едi.
Бүгiнгi ұрыстары зiлдiрек (Б.Майлин).
2. Түрлендiрiлген қайталама.
Әжемнiң ашуы жама-ан, - дедi бала ұртын томпайтып, - Жүрсейшi, көкем күтiп қалатын болды ғой. - Өй, күшiк, күтсе неғушы едi, - дедi шал. - Барамыз да.
3. Есiмдiктi қайталама немесе зат есiмдi есiмдiкпен алмастыру (субституция).
Таңертең Апам екеумiз жаяу жолға шықтық. Күн ала бұлтты болғанымен, қапырық ыстық едi. Бiз Қаражердегi шiлiкке салған картошка алқабына жеткенде, күн түске айналған [О.Бөкеев].
4. Эллипстiк қайталама (сөз тiркестерiнiң бip компонентi түсiп қалады).
Үлкен апам Шолпан қоңыр сиырды соғымга сойған жылы қыста күйеуге қашып кеттi. Қашып кеткенде де басқаға емес, жуықта әскерден оралып, ауылда шофер болып жүрген баяғы бекетшi шал Қашыбайдың көп ұлының бipi - бадырақ көз, төртпақ Әутәлiп алып қашып кeminmi (О.Бөкеев).
5. Синонимдiк iлiп әкету:
а) узуальды синонимдер:
Бек ашуланып, бұрқ-capқ қайнайды: «Ойлыбайдың көзiн құртам, елiн шабамын!» деп бүлiнедi (Оразбек Сәрсенбаев. «Қара бура»).
а) бiрiккен сөздiң бip компонентi түрлендiрiлуi мүмкiн.
Сансыз құстардың саңғырығымен түйежапырақ ақтаңдақтанып жатар едi. Жапырақ саңғырықпен қоса шiрiп, топыраққа сiңiп, жердi тыңайта беретiн (Ш.Мұртаза).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет