Сайқымазақтар бастарын жерге жеткiзе иiп тағзым еткен қалыптары есiкке қарай жылыстай бердi. Олардыңопыр-топыр есiктен шыға беруi-ақ мұң екен, көршi қоршаудан ханныңбәйбiшeci көрiндi. Ол үстiне түгел көмiп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киiптi. Оныңсүйретiлген ұзын етегiн он бес әйел көтерiп келедi. Ханшаныңәбден қапысыз опалап-сүрмеленген бemi қағаздай аппақ. Оныңүстiне; бет-аузын төгiлген ақ селдiр пердемен қымтап алыпты. Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара icnemmi биiк сәукеле кuinmi. Оныңсалпыншаққызыл мауыты етегi екi иығын жауып тұр. Мойнына әр жер әр жерiне лағыл мен меруерттi алма кезектестiрiп көз қадаған алтын алқа тағыпты. Сәукеленiңөзге салтанаты аз болғандай, оныңқақ ұшар басына хан mәжiciнiңтөбесiндей алтын төбелдiрiк орнатылыпты. Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызылшоқбоп жанып жатыр. Төбелдiрiктiңmөбeciнe үкiқондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары ханшаныцекi құлағына жеткенше екi айырылып төгiлiп тұр. Ханша әр аттаған сайын басындағы ауыр сәукеле бұлғалаңдап, әр бағытқа ауып-ауып түседi. Жан-жағынан бiрнеше әйел қолымен демеп келедi. Бәйбiшенiңмөлт қарашашы екi иығынан төгiле құлапты. Осынша ұзын-шұбақ шерудi хан әйелдерiн күзететiн бip топ азбан құлбастапты. Олар адымдарынан жер ойылатындай-ақ, маң-маңбасыn, маңғаздана қалыпты, ханшаға құрмет көрсетiп, тағзым етiп, бастарын uin тұрған қалың қауымға танауларын көтерiп кiсімсiне қарайды. Ханша ханнан сәл кейiнiрек барып отырды. Автор сол замандағы ханшаның киiм киiсiн, өзiн-өзi ұстауын, оны маңайы қалай қарсы алғанын шынайы суреттеген.
Стилизация - тiлдiк материал мен сыртқы тiлдiк белгiлердiң ұйымдасу қағидасына сәйкес әдейi құрастырылған көркем баяндау. Осы анықтамаларда да екi нeriзгi ой бар: сипаттамалық тiлдiк белгiлер және баяндауды құруға талпыныс, яғни жазушының мақсат пен мiндетке лайық шығармашылық ыңғайы. Сөйлеу тiлiнiң көркем мәтiндегi стилизациясын жан-жақты қарастыра отырып, Г.О.Винокур шартты түрде екi түрге бөледi: 1) бейресми ерiктi қарым-қатынас стилизациясы; 2) ауызша сөйлеу стилизациясы.
Бақылау сұрақтары Мәтін туралы ғылыми көзқарастар.
Мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнының толық ашылуының прагмастилистикалық мәні.
Лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы: лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасы, лингвистикалық стилистика және тіл мәдениеті, стилистика тіл мәдениетінің теориялық негізі.