2-дәріс Тіл мәдениеті туралы түсінік Мақсаты


Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер



бет9/12
Дата30.09.2024
өлшемі93,2 Kb.
#146121
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word

2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
1) Бояма сөздерге құмар болу: «Осы өлеңді оқысымен жүрегім дүр сілкінді». «Мақал-мәтелді оқығанымда сөздің қүдіретін терең меңгеріп қана қоймай, санамызда мәңгілікке жатталады».
а) Сындық мәні бар сөздерді дұрыс таңдай алмау: «Осы жолмен жүріп келе жатқан әрбір елдің достығы биік шыңда»; «Ол болашақта өз мүдделері және күллі адамзат мүдделері үшін тиімді еңбек етеріне шынайы үміттеміз»; «Менің барынша құрметіме сендіруімді қабыл алғайсыз»;
ә) Әдемілік үшін ойланбай қолданылған сәтсіз метафоралар мен теңеулердің, бейнелі сөздердің болуы: «Кеудесін керіп, төсін төңкере жайылған кең жазық бетінде де көз тірер бір нүкте болсашы».
2) Түрлі стильдің лексикасын пайдалану, соның ішінде ауызекі, кітаби тілге тән лексиканы себепсіз қолдану: «Студенттерді қорқытып қойса болғаны екен. Көрмеген кітапхананың есігін ашып, өмірінде ұстамаған кітапты ұстап көреді»; «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол - махаббат сезімі екенін ұқтым». «Саған «Ақша қарыңмен!» деп құттықтау айтқым келді. Сол себептен баяу аяңдап келіп, үйреншікті бұрыштан сені іздедім».
Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын жазушылардың романдарын оқығанда ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған».
Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала ойластырылып жасаған бұл жоспарларының тамаша нәтижесі болғаны жұртқа жақсы белгілі»; «Ұстаздардың адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына, өмірге, қоғам құбылыстарына қатысты біршама дұрыс көзқарастарының қалыптасуына едәуір ықпал етті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет