2 Дәріс. Тұлғаның мотивациялық сферасы Жоспар: Мотивация туралы түсінік Мотивация теориясы



бет3/5
Дата25.01.2023
өлшемі29,7 Kb.
#62754
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция

Полимотивация феномені. Бұл ұғым негізінде адам жүріс – тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л.И.Божович пікірінше, түрлі объектіге бір ғана қажеттілік емес, сол объектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші, шиеленісуші көп жағдайда бір – біріне қарама – қарсы қажеттіліктерді; мұғалімнің қостауына, өзіндік бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына ілігу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асырылады.
Сонымен, мотивация – бұл іс – әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын, адамның қажеттіліктерін анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс – әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі, құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс – әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.
Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан бірқатар өлшемдермен бағалауға болады.
Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі. Бұл мотивациялық факторлардың қажеттілік, мақсат, мотив әртүрлі сапалылығы, яғни адам да әртүрлі қажеттілік, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.
Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі. Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.
Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік, мақсат, мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозия ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір – біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.
2.2. Мотивация теориясының когнетивті құрылымы және процестері
Бұның қалыптасуы екі түрлі мағынаны керек етеді. Екіншіден, мотивация шындық, ойлы пәде олар жайт болып табылады. Мотивация шешімді түсінетін, ойлау құрылымына көмектесетін немесе эмперикалық тілде, жалпы гипотикалық конструктура құрады.
Мотивацияның когнетивті теориясы жоғары орын алады. Мысалы, Уотсон мен Скиннердің ғылыми теориясын қарастырғанда әр түрлі қатардағы когнетивті процестердің теоретикалық жақтары үлкен немесе кіші стимул реакциясымен бөлшектенеді. Проекция, ретроспекция немесе алдын-ала бағытталған «с-әрекет оқиғаның антиципациясы және олардың нәтижесінің, өзекті жағдайдың бағасы.
Сонымен қатар когнетивті процес қарапайым эпифенелон ретінде қарастырылмайды, ал фактор мінездің соңғы және түрткінің шешімді көрсеткішіне әсер ететін оқиғаның базисі ретінде қарастырылады. Мотивация мәселелері жағынан көбінде ең бірінші әдістемеде қарым-қатынастағы когнетивті теория елестер басшылық көрсететін осы жағдайлар теоретиканы қиындатады.
Ақпарат актуалды ситуация және зерттеу жиынтығын ұсынады. Бихевиористтік теорияда жағдай тәуелсіз термин «стимул» ретінде бірге қолданылады және экспериментте қолданылып төрт мәселені анықтайды.
1) Өзінің өзекті айналысының қай бөлімінде болмасын тірі ағзалармен тіркеу жасайды. Бірінші кезекте санадағы кенет, жаңа, тұйық елестету жағдайындағы қорытынды ақпаратты көрсетеді. Олар тәуелді субъектте қолданылатын ерекше бір іс-әрекет.
2) Жай сигналдық елестеуінен жалпы конфигурацияның толық елестеуіне дейінгі ұзақ диапозонда ақпарат қаншалықты қарапайым және қаншалықты артығырақ көрінеді.
3) Ақпаратпен мотивациялық ерекше жағдайын қалай бөлуге болады.
Бұлар үш принцип бойынша бөлінеді.
1) Физикалық констатация.
2) Ерекше субъективті және интерсубъективті мәлімет.
3) Нақты индивидте жағдайдың сәйкестігі.
Психологияда мотивация тіршіліктің субъективті жағынан қарастырылады. Жағдайдық бағасын талап етумен және сонымен байланысты негізгі қиыншылықтың психологиялық зерттеудегі мотивациясы методологиялық мәселеде жеке басының сәйкестілігін өзімен қосып қарастырады [3, б. 56-58].
4) Индивид және оны қоршаған айналысы арасындағы шекара.
Мотивация теориясының жетістігі және сәтсіз жағдайлардан қашу іс-әрекеттің түрі. Мотивацияның және іс-әрекеттің жетістігі арасындағы байланыстар анық көрінеді сызықты мінез көрсетілмейді. Мотивациялық көрініс бірнеше рет қайталанып, уақыт өте тұлғаның ерекшелігі болып қалады. Мұндай ерекшеліктерге түрткі жетістігі және сәтсіздіктерден қашу түрткі нақты бақылау, өзін-өзі бағалау, тартылу сатылары жатады. Түрткі жетістігі дегеніміз қарым-қатынаста және әр түрлі іс-әрекетте адамның табысқа жетуге тырысушылығы.
Билік түрткісінен құралған қарым-қатынаста ояну, агрессивтілік және адамдардың өмірінен құралған түрткі (альтруизм).
Бұл түрткілер көп әлеуметтік көрсеткіштерге ие. Адамдармен қарым-қатынаста эмоционалды жақтарды қалыптастырады. Когнетивті теория авторлардың негізгі тезисі индивидтің жүріс-тұрысын, тәртібін, білімін түсінігін бағыттайды. Білім ақпараттың қарапайым түрі, жиыны ғана емес. Адамның дүние туралы түсінігі, оның болашақ тәртібін, жүріс-тұрысын бағдарлайды. Адамның не істей алатыны белгіленген қажеттіліктеріне, терең ұмтылыстарына ғана емес, шындық туралы өзгермелі түсінігіне тәуелді.
Олардың біреуі адамның қандай да бір нәрсеге болсын бағалық қатынаста қарсы тәртіп болғанда пайда болады. Егер адам өзінің түсінігіне, пікіріне сай емес бір нәрсені істеуге келіссе, болашақта оның пікірі, түсінігі өзгеруі мүмкін [4, б. 56-58].
Мотивация жайлы жеке теоретикалық мәселелер және ассоциативті бағыттарға тоқталатын болсақ.
З.Фрейдтің негізгі теориясы бойынша адам неврозбен ауырғанда психоанлиздік әдісте клиникалық бақылау терапевтік қарау деп аталады. Емдеу әдістері Фрейдтің теоретикалық көзқарасымен қазіргі психоаналитикалық терапия жайлы көзқарасқа сәйкес келмейді. Фрейд психоанализді жеке өзгерістің конструктураның жетістігі және тұрақтанбаған зат алмасу деген. Терапевтік жағдайда ойланған еркін ассоция шешімі дұрыс деп қарастырылған. Еркін ассоциацияда терең санасыз орналасқан ассоцияларды бірінен кейін бірін кіргізіп отыратын, практикалық психоаналитиктер қамтылады.
Когнетивті және аффективті ассоциациялары бар мінездің басқа формалары да Роберт пікірі бойынша санасыз процеске бағытталады. Роберт санасыз мотивацияның негізгі бөлімдерін қарайды.оның ашқан еркін ассоциация адамның сезімінің оянуына себеп болады.
Адлердің бағыты адамның мақсатындағы түрткі процестерін оқу, ата-аналардың баламен қарым-қатынастағы анализіне жол іздеу.
Э.Эриксон өз көзқарасы бойынша адамның өміріне сегіз психо-әлеуметтік стадияны енгізді. Стадиялар басты психологиялық қарама-қайшылық терминдері бойынша өрнектелген:
1) Базалды сенім – базалды сенімсіздік;
2) Автономды күдіктену және ұялу;
3) Инициативтілік кінә;
4) Еңбекқорлық – жеткіліксіздік;
5) Эго – идентивтілік – рольдік орналасу;
6) Жақындау – изоляция;
7) Өнімділік инерттілік;
8) Эго – интеграция қайғыру.
Осы қарама-қайшылықтың өзінен жеке адамның индивидуыалды талап етіледі. Фромм жеке адамның әлеуметтік және мәдени факторынан Фрейдтік тенденциясымен персоналдылықты бөліп қарастырды. Э.Фромм экзистенциялық қажеттіліктің қанағаттануынан, әлеуметтік, экономикалық және саяси шешімдердің құрылымынан мінездің негізгі бағдары көрінетіндігін айтты [5, б. 56-58].
К.Хорни теориясы он невротикалық қажеттілікті бөліп қарастырады. Невротикалық әр түрлі жағдайға тітіркену бір ғана қажеттілікке тірелетінін сау адамдардың өзгешелігі.
Хорни бойынша базалды қорқу – негізгі невроздық ауру болып табылады. К.Хорни психоанализ теориясында осы мәселелермен жұмыс жасайды.
Гуманисттік психологияның негізі – экзистенциализм болып табылады. Экзестенциализм қоршаған ортаның әсерлерін индивид қалай бар солай қабылдау керек деген.
Г.Олпорт тұлғаны зерттеуде қалыпты адам дене қажеттіліктерінен тәуелсіз, жоғары түрде саналы деген.
К.Роджерс бойынша тұлға басқарылып отыру керек. Адам өзінің сезімдеріне сену керек. Адамның әрекетіндегі негізгі мотивациялық күш индивидтің өзінің қабілеттерімен потенциаларын реализациялай білу болып табылады. Адамда өзіндік ұйымдастыруға ұмтылу негізгі мәселе. Адамдар «идеалды-мен», «шындық мен»ге жақындатуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет