2-дәрістің тақырыбы: АҚпаратты өҢдеу үрдісін ұйымдастыру қАҒидалары. Тақырыптың мазмұны



бет2/4
Дата25.03.2022
өлшемі107,5 Kb.
#28811
1   2   3   4
Байланысты:
2 д-ріс

Мөлтекүрдісішінің жалпы құрылысы. Мөлтекүрдісші – бұл сандық деректердің өңделуін орындауға және бұл өңделудің ретін басқаруға арналған есептегіш құрылғының қызметтік топтамасы. Берілген әрекеттер есептегіштің жадысынан автоматты түрде бұйрықтарды алатын мөлтікүрдісшімен орындалады.

Жалпы түрде мөлтікүрдісшінің қызметі екі деңгейдің алмасып орындалу түрінде болуы мүмкін. Олар: 1) жадыдан және дешифрленуден бұйрықты таңдау(оқу), және (2) бұйрықтардың орындалуы.



бұйрықты таңдау(оқу) тактілі импульс генераторың(ТИГ) импульсінің әрекетінен және бағдарламалаушыдан тәуелсіз мөлтікүрдісшінің аппараттық құрылысымен қатаң түрде анықталған автоматты үрдіс болып табылады. Бұйрықтың дешифрленуі мөлтікүрдісшінің барлық түйіндерінің басқару дабылдары мен бұйрықтың құрамындағы ақпараттар (яғни кодтар) негізіндегі есептегіштің басқа топтамаларының тізбектей құрылу үрдісі болып табылады.

Бұйрыққа сәйкес орындалатын әрекеттер , деректердің арифметикалық және логикалық өңделуі, деректерді тасымалдауы, келесі бұйрықтың адресін құру немесе мөлтікүрдісшінің жұмыс тәртібінің өзгеруі түрінде болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда нақты мөлтікүрдісшісінің бұйрықтар жүйесі арқылы бағдарламалаушының әрекетімен анықталады. Берілген бұйрық орындалғаннан кейін мөлтікүрдісші автоматты түрде жадыдан келесі бұйрықты таңдауға көшеді.

Жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілер қызметтік топтамалар жиынтығы мен олардың арасындағы байланысымен ерекшеленеді. Алайда, кез-келген мөлтікүрдісшінің құрылысында мөлтікүрдісшінің есептегіштің басқару орталығы ретінде анықтап, негізгі таңбаларын бөліп қарауға болады. Ең алдымен бұл келесі екі топтама туралы айтылған сөз: басқару құрылғысы мен амалдар құрылғысы.



Басқару құрылғысы (БҚ) бұйрықтарды таңдауды, оларды дешифрлеу мен олардың негізінде алмасуды басқару мен басқарушы дабылдардың тізбектей генерациялану жолымен ақпараттарды өңдеуді орындауға арналған.

Операциондық құрылғы (ОҚ) сандық ақпараттарды(арифметикалық және логикалық амалдар, ығыстыру, сандарды анализдеу және т.б.) өңдеу қызметін атқарады. Мөлтікүрдісшінің жалпылама құрылысы 2.2-суретте көрсетілген.

Мөлтекүрдісшінің ішінде ақпараттарды сақтау негізгі элементі болып аз уақытпен оқитын және жазатын оперативті есте сақтау құрылғысының аса оперативті қызметін орындайтын тіркеушілер болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет