2-дәрістің тақырыбы: АҚпаратты өҢдеу үрдісін ұйымдастыру қАҒидалары. Тақырыптың мазмұны


МҮ жүйелік жадысының логикалық көрінісі



бет4/4
Дата25.03.2022
өлшемі107,5 Kb.
#28811
1   2   3   4
МҮ жүйелік жадысының логикалық көрінісі. Есептегіш құрылғы жадысының құрылысын қарастырғанда, физикалық және логикалық ұйымдастыру ұғымын қолдану ыңғайлы.

Жадының логикалық ұйымдастырылуы – деректерді сақтауды адрестеудің белгілі ережелері бар ұяшықтардың бірөлшемді массиві түріндегі құрылғылардың көрінісі.

Жадының физикалық ұйымдастырылуы – талап етілген разрядтылық пен көлемді, олардың адрестер шинасы мен деректерді, деректермен алмасу хаттамасына жету үшін оперативті есте сақтау құрылғысы мен тұрақты есте сақтау құрылғысының мөлтіксұлбаларының қосылу тәсілі.

Логикалық ұйымдастыру көз қарасымен, жүйедегі барлық құрылғылар тіркеушілер немесе жадының тізбектелген ұяшықтарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл ұяшықтардың кез-келгеніне мөлтікүрдісші шартты реттік нөміріне – жады ұяшықтарының адресіне немесе енгізу-шығару портының тіркеушісіне қарай жүгінеді. Берілген мөлтікүрдісшіге жадының жеке адрестелетін ұяшықтары мен порттар тіркеушісі немесе бақылағыштардың ең көп мүмкін болатын саны берілген мөлтікүрдісшінің адрестік кеңістігі(АК) деп аталады. Адрестік кеңістік дәстүрлі түрде жүйелік(негізгі) АК және енгізу-шығару адрестік кеңістігі деп бөлініп, сонымен қатар, жадының мөлтіксұлбасының сұлбалытехникалық құрылуында және енгізу-шығару порттарының, адрестеу түрі мен хаттаманы жіберуде айырмашылықты көрсетеді.

Жады ұяшықтарының немесе тіркеуші порттарының адресіне мөлтікүрдісші жүгінуі адрестер шинасына шығарылған кодтар түрінде орындалады. АК-тің және жүйедегі ұяшықтардың мүмкін болатын адрестердің саны мөлтікүрдісшінің адрестік шинасының m разрядтылығының қатынасымен байланысты

Соған қарамастан адрестердің мүмкін болатын мәндерінің жиынтығы аралығында болады. Адрестер шинасының разрядтылығына сәйкес келетін АК-нің көлемі адрестер аралығында біруақытта жүйеде негізгі АК пен енгізу-шығару кеңістігі болатын басқарушы дабылдарды қолданумен кеңейтіледі.

Адрестік ақпараттардың көзі мөлтікүрдісшінің іс-әрекетіне байланысты бөлінеді: адретер шинасына шығарылған жадыдан бұйрықтарды оқитын адрестік ақпараттардың көзі PC бұйрығының санағышы болып табылады. Сонымен қатар, PC тіркеушісінің құрамы автоматты түрде бұйрықтың оқылған байттарына өзгереді. Жадыға немесе порттар тіркеушісінің деректерге немесе деректердің жазуына қол жеткізе алған жағдайда, адрестің көзі болып бұйрықтың адрестік бөлімі(тура адрестеу) немесе бұйрықта нұсқалған (жанама адрестеу) мөлтікүрдісшінің бір тіркеушісі табылады. Егер жадының әрбір жеке адрестелетін ұяшықтарының сыйымдылығы 1 байтқа тең болса, онда жады байттық ұйымдастырушылыққа ие. Кейбір мөлтікүрдісшілер жадыны сөз түріндегі(2байт, 16 бит) және жадының жеке аумақтарының биттік адрестеу түрінде де ұйымдастыра алады.

Жадыны логикалық түрде әртүрлі қызметтік тағайындалулары бар сегмент түрінде қарастыруға болады(2.4-сурет):

·  Кодтың сегменті – есептегіш бағдарламаларының бұйрықтар коды орналасатын және тұрақтылар қолданылатын жадының аумағы;

·  Деректер сегменті – есептегішпен өңделетін ақпараттарды орналастыруға арналған және ереже бойынша жұмыс үрдісінің(деректер өлшегіштермен, есептеудің аралық және соңғы нәтижесі, шығыс ақпараттар ) өзгеру аумағы;

· Стектің сегменті – деректер мен адрестік ақпараттарды уақытша сақтауға арналған және олармен жұмыс істеу барысында бағдарламалаушы ақпаратқа біртіндеп қол жеткізу хаттаманы қолданатын жадының аумағы.

Жадын сегменттеу бағдарламаларды шартты түрде өңдеуге қолайлы логикалық деңгейде немесе мөлтікүрдісшінің аппараттық құрылысымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Тәжірибелік түрде барлық жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілер жұмыс істеу барысында деректер, стектер,кодтардың белсенді сегменттерінің алғашқы адрестері көрсетілетін құрамында арнайы тіркеушілерден тұрады. Мысалы, Например, Intel 80x86 сериялы мөлтікүрдісшілер үшін CS, DS және SS тіркеушілері сәйкес келеді.



2.4- сурет. Адрестің m=16 разрядтылықты есептегіш жадысының логикалық моделі

1 – бағдарлама кодының сегменті; 2- деректер сегменті ; 3 – стектің сегменті;
4 – бағдарламалық қамтамасыздандырумен қолданылмайтын аумақтар.

Есептегіш жадысының құрамы мен құрылысын қарастырғанда кейбір ортақ қабылданған ережелерді сақтау қажет:



Адрестер шинасының разрядтылығы 16,20 және одан да көп разрядтан тұрғандықтан жады ұяшықтарының адрестері мен енгізу-шығару құрылғысының бағдарлама жазып немесе есептеу жұмыстарын қарастыруда есптеуді он алтылық жүйеде нұсқау қажет. Сондықтан адрестің шинасының разрядтылығы адрестері 0000hдейінFFFFh болатын АК-тің көлемі байтты құрайды;

· Егер жадыға кейбір ақпараттық нысандарды орнату үшін жадының бірнеше көршілес ұяшықтары қажет, осы нысанның адресі ретінде (бұйрықтың адресі, саны, массивы т.с.с.) бірінші байтының адресі деп есептеп, сонымен қатар жадыға сандар орнату үшін төмендегідей мақсаттарды қабылдау қажет: санның кіші байты сәйкесінше кіші адрес бойынша орналасу қажет; Осыған сәйкес санның адресі болып, адрестің кіші байты боп есептеледі.



Берілген деректерді орналастыру мақсаттары бағдарламалау мен төменгі және жоғарғы деңгейдегі компиляторлардың барлық жүйелерімен қамтылып отыру керек.

Әдебиеттер: 1нег.[236-241]; 2 нег.[151-155].

Бақылау сұрақтары:

  1. Жедел жады қандай режимде жұмыс істейді?

  2. Бағдарламаның тұрақты жадысы қандай режимде жұмыс істейді?

  3. Мөлтікомпьютер деген не?

  4. Шиналардың негізгі сипаттамаларын атаңыз?

  5. Мөлтікүрдісші қандай негізгі блоктардан тұрады?

  6. Бағдарламалық жады блогының тағайындалуы.

  7. Бұйрықтар есептегішінің тағайындалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет