2-дәрістің тақырыбы: АҚпаратты өҢдеу үрдісін ұйымдастыру қАҒидалары. Тақырыптың мазмұны



бет3/4
Дата25.03.2022
өлшемі107,5 Kb.
#28811
1   2   3   4
Байланысты:
2 д-ріс

РгБ бұйрықтар тіркеушісі (IR – ереже бойынша, бұл тіркеушіде коinsructionregister тіркеледі) амалдарды шығарғаннан кейін бұйрықтың кодын фиксациялау үшін қолданылады. (КОП) – орындалатын іс-әрекет пен операндалардың адрестелуінің тәсілі анықталатын бұйрықтар кодының бөлігі.

Операндалар тіркеушісі өңдеу кезіндегі жадыны үнемі қолдана бермей деректерді сақтау қызметін атқарады. Жаңа үлгідегі мөлтікүрдісшілерде операндалардың тіркеушілер саны 10-15-ке дейін жетеді. Олар мөлтекүрдісшінің ішкі жадысын құрайды. Бір кристалды мөлтікбақылағыштарда операндалар тіркеушілер саны ондаған шамаға жетуі

2.2-сурет. Мөлтекүрдісшінің жалпылама құрылысы.

мүмкін және оларға тіркеушілік файл деп аталатын ұғым енгізіледі. Кейбір операндалардың тіркеушілері басқа операндалардың адрестерін сақтау және құру үшін қолданылады, яғни олардың негізінде жадыдағы деректердің жанама адрестеу механизмі пайда болады. Операндалардың тіркеушілеріне орналастырылған деректер арифметикалық-логикалық құрылғысына(АЛҚ) өңделуге жіберіледі. Кейбір мөлтікүрдісшілердің түрінде операндалардың тіркеушілерінің бірі әрқашанда АЛҚ амалдар нәтижесінің қабылдағышы болып және бұл тіркеушісі аккумулятор-тіркеушісі деп аталады. Амалдарының түрі келесі сұлба бойынша орындалатын мөлтікүрдісшілер: <аккумулятор> (амал) <операнд> Þ <аккумулятор>,

Аккумуляторлы-бағытталған құрылымды мөлтікүрдісшілер деп аталады.

Бұйрықтар есептегіші (ағылш. PC - programmingcounter) – бұйрықты таңдау немесе орындалуы барысында келесі бұйрықтың адресі құрылатын тіркеуші болып табылады. РС-тіркеушісінің құрамын модификациялау дегеніміз – жадыдан бұйрықтарды бірінен кейін бірін таңдап және есептеу үрдісінің(яғни алгоритмдердің бұтақтануын орындау) жолын басқаруды айтамыз.

Стекті нұсқаушы (ағылш. SP - stackpointer ) – бағдарламаның орындалуында бағдарламашы деректерге тізбектей жету мақсатын қолданатын жады аумағының шектерінің адресі сақтайды.

Адресті тіркеуші – мөлтікүрдісшінің (жадының ұяшықтары немесе енгізу-шығару порты) кез-келген сыртқы құрылғыларының адрестері құрылатын тіркеуші . Берілген тіркеуші адрестік ақпараттарының көзі болып мөлтікүрдісшінің түрлі тіркеушілері болуы мүмкін. Сонымен қатар, адрестің тіркеушісі адрестің сыртқы шинасына берілетін жинағыш буфердің рөлін атқарады.

Сындар тіркеушісі (ағылш. F - flags) – АЛҚ-да орындалатын (нөлдік нәтиже,разрядты тордың толуы т.с.с.) амалдардың нәтижесін сипаттайтын жеке биттер түріндегі сындар тіркелетін ішкі жадының элементі болып табылады.

Арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ) – деректерді өңдеу әрекеттерін орындауға арналған мөлтікүрдісшінің қызметтік топтамасы.

АЛҚ-да орындалған амалдардың нәтижесі тіркеушілердің біріне беріліп немесе жадыға (бұйрыққа байланысты) қайта жіберіледі. Сындар тіркеушісінде автоматты түрде оның нәтижесін сипаттайтын сындар құрылады.



Мөлтекүрдісшінің қызметі әрқашанда сыртқы тактілі импульстің генераторымен(ТИГ) синхрондалады. Осы импульстардың ТИГ-на әсерінен жадыдан бұйрықтарды таңдау мен олардың қайта шифрленумен байланысты мөлтікүрдісшіні басқару құрылғысы автоматты түрде әрекет етеді.

Бұйрықтардың орындалуы тактілі жиіліктердің бірнеше периодын алып, мөлтікүрдісшінің қарапайым әрекеттерінің(бұйрықтарды таңдау, операнданы оқу, АЛҚ-на шығару) бірінен кейін бірінің орыдалуынан тұрады. Бұл қарапайым әрекеттерді машиналық айналымдар(МА) деп атайды. Әрбір МА-ның өтуі барысында барлық есептеу жүйесі мен мөлтікүрдісшінің сәйкес түйіндері үшін қатал түрде анықталған комбинацияның генерациясы жүреді.

Құрылысының ұйымдастырылуына байланысты бір немесе көпмагистральды мөлтік ЭЕМ болып ерекшеленеді( 2.3-сур).

Бірмагистральды мөлтік ЭЕМ-да барлық құрылғылар бірдей интерфейске ие болып және ақпаратты, адрестерді, басқарушы дабылдарды жіберетін бірдей ақпараттандырылған магистральға қосылған. Көпмагистральды мөлтік ЭЕМ-да біруақытта бірнеше магистраль арқылы ақпаратты жіберу және жүйенің жылдам орындалу мүмкіндігін беретін құрылғылар, топ-тобымен өзінің ақпараттандырылған магистраліне қосылады.



2.3- сурет. ЭЕМ-ның жалпы құрылысы: а-бірмагистральды; б-көпмагистральды .

МҮЖ-нің орталық бөлігі болып, ҮИС(БИС) технологиясын қолданып орындалатын (көбіне бір кристалда) және ақпараттарды өңдеуді( кіріс-шығысты қосқанда),шешім қабылдауды, арифметикалық және логикалық үрдістерді ішкі бағдарламалық басқарумен орындай алатын өңдеуші құрылғы мөлтікүрдісші табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет