№2 дәрістің тақырыбы: Мәтін лингвистикасы туралы түсінік. Мәтіннің зерттеу бағыттары. Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясының байланыстылығы



бет3/5
Дата16.09.2023
өлшемі116,54 Kb.
#108149
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 2

Мәтінтанымдық бағыт
    • мәтін интерпретациясымен байланысты. Мұнда автор тарапынан мәтіннің дүниеге келуі мен оқырман тарапынан оның қабылдануы аныкталады. Бұл қазақ тіл білімінде әлі де болса жан-жакты зерттеуді қажет ететін тың мәселелердің қатарына жатады. Ал шетел тіл білімінде мәтіннің антропоцентристік сипаты біршама анықталған, соның нәтижесінде бұл бағыттың өзі әрмен қарай сараланады:
    • • Психолингвистикалық (Л.Выготский, Т.Дридзе, А.Леонтьев, Н.Жинкин т.б.);
    • • Прагматикалық (А.Н.Баранов);
    • • Қатысымдық (Г.Золотова, Н.Болотнова);
    • • Жанрлық-стильдік (М.Бахтин, М.Кожина, Т.Шмелева);
    • • Деривациялық (Е.Кубрякова, Л.Мурзин)

Антропоцентристік бағыт
    • психолингвистиканын, функционалдық, антропологиялык лингвистиканың жетістіктерімен тығыз байланысты. Когнитивтік бағыт қоршаған әлем туралы білімді білдіретін негізгі құрал - тіл, мәтін деген көзқарасты ұсынады. Когнитивті лингвистика тарапынан мәтіннің қай түрі де күрделі таңба ретінде танылады. Онда автордың шындык болмыс туралы жинақтағаны беріліп, жеке авторлық әлемінің бейнесі түрінде көрінісін табады

Мәтінді когнитивті зерттеу

Мәтін лингвистикасы ілімі мен мәтін теориясы тығыз байланысты, екеуінің объектілері бір-бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып талдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтіннің тұтастығы мен байланыстылығы сияқты негізгі сапаларына көңіл бөлінеді. Байланыстылығы – бұл мәтіннің дұрыс құрылуы – дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда мәтін элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай, оны нелер құрайды деген сұрақтарға жауап алынады. Мәтін құрудың жалпы да ортақ принциптері, олардың мәтіннің мазмұндық, жанрлық т.б. ерекшеліктеріне байланысты болатындығы талдаудың негізгі объектісіне айналды. Мәтіннің тұтастығын зерттеу оның элементтерінің қызмет ауқымын айқындау тұрғысынан жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет