Сондай-ак оқырманның мәтінді түсіну (интерпретация) әрекеті мәтіннің тілдік қолданыстарының (лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) мағынасын ұғынып, ұғынбауымен байланысты (3 - 2 - 5 - 1).
Көріп отырғанымыздай, мәтін әрекеті - күрделі қызмет атқаратын, көп қырлы, көп компонентті психологиялық әрі интеллектуалдык коммуникация.
Мәтінді зерттеудің бірнеше бағыттары бар:
Лингвистикалык бағыт арқылы мәтіннің тілдік ұйымдасуы аныкталады (тіл-мәтін)
Мәтінтанымдык бағытга мәтін дербес құрылымдық-мағыналық тұтасым ретінде карастырылады
Антропоцентристік бағыт бойынша автор - мәтін - оқырман карым-қатынасы зертгеледі
Танымдык (когнитивтік) багытта - автор - мәтін - болмыс арасындағы байланыс аныкталады
тілдік бірліктер мен тілдік категориялардың қызметтерін айқындаумен сипатталады. Бұл бағытта зерттеушілер мәтіндегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалык бірліктердің қолданылуын сөз етеді. Қазақ тіл білімінде Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, А.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б. еңбектерін және көптеген ізденушілердің диссертациялық жұмыстарын казақ әдебиетіміздің белді ақын-жазушылар шығармалары тілін зерттеу нысаны ретінде қарастыруымен байланысты осы бірінші бағыттағы зерттеуге жатқызуға болады. Бұл еңбектерде қандай да болмасын тілдік бірліктердін қодданымдық сипатын ашу арқылы автордың дара стильдік ерекшелігі де аныкталады
Лингвистикалық тұрғыда мәтінді талдау
мәтінді шығармашылық әрекеттің нәтижесі әрі жемісі ретінде қарастырады. Мәтін аякталған тұтасым деп таныльш, оның кұрылымы мен мазмұны, соған сәйкес мәтіннің категориялары айқындалады. Қазіргі таңда мәтінтанымдық зерттеулердің қатары біршама толығып, мәтіннің күрделі табиғаты біртіндеп ашыла түсуде. Бұл ретте Ж.Жакупов, Б.Шалабай, О.Бүркіт, А.Жұбанов, З.Ерназарова, С.Мұстафина, Н.Құрманова, К.Мухлис, Г.Әзімжанова, Ж.Қайшығұлова, А.Таусоғарова, Б.Райымбекова, Ф.Жақсыбаева, М.Ахметова т.б. атауға болады