Презентация тема: «Функциональные стили языка. Понятие языковой нормы. Художественный стиль. Индивидуально-художественный стиль писателя. Разговорный стиль. Языковые особенности разговорного стиля» Бахытжанова Л



Дата16.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25619
түріПрезентация
Байланысты:
4 апта лек лингво

Презентация Тақырыбы: «Мәтіннің түрлері (көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми) және оларды талдаудың түрлері. Мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері және олардың ұйымдастырылуы. Мәтіннің түрлері» Орындаған: Жолдасбек Д. Тобы: М1701-11 Оқытушы: ф.ғ.к., доцент Байғұтова А. Шымкент, 2022 ж.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Мазмұны:

  • Мәтіннің түрлері (көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми) және оларды талдаудың түрлері.
  • Мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері және олардың ұйымдастырылуы.
  • Мәтіннің түрлері.

1

Мәтін – ауызша немесе жазбаша тілдің вербалды қатысымдық әрекеті.

Мәтін – логикалық бірізділікпен тұтасығы сақталған және бөліктерінің байланысы бар сыртқы (формальды) және ішкі (семантикалық, прагматикалық) құрылымға ие тілдік бірлік.

Ғылыми стиль


Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бұл стильге әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.

Ғылыми стильде зерттеу нысаны болатын зат немесе құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.

Ал пікір дұрыстығын дәлеледеу үшін мұнда логика заңына, дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.

Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік - сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Көп мағыналы, образды сөздер ғылыми стильде аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай олардың әрқайсысының терминдері болады.

Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қодану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым үнемі дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады.

Ресми тіл


Ресми тіл - ресми іс қағаздар тілі. Қазақ іс қағаздар тарихы зерттеушілердің сілтеуі бойынша XVIII ғасырдың үлесіне тиеді.

Бұл ғасырдан қазақ хандары мен сұлтандарының орыс патшасы мен оның әкімшілік орындарына жазған хаттар мәтіндері сақталған.

XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі қолданған лексика-грамматикалық ерекшеліктер сол дәуірдің ресми тілінің қалыптасуы мен даму дәрежесін көрсетеді.

Ресми тіл өзіне тән тілдік құралдардың қолданысымен ерекшеленеді:

  • Г. И. Богин мәтіндер типологиясын төмендегідей топтастырады:

Жоғары тәртіппен (регламентпен) сөйлеуге белгіленген тілдік қолданыстар.

Мазмұнды баяндаудағы ресмилік.

Сөздер тек өзінің тура мағынасында баяндалуы тиіс. Өте сирек, әлдебір жағдайларда ғана троптың түрлері қолданылуы мүмкін.

Ресми тілде сөйлеушінің жеке көзқарасы мен пікірінсіз тек дәлдік пен нақтылық сақталады.



Публицистикалық мәтін тілі

Публицистика – көпшілік, әлеумет мағынасын беретін латын сөзі. Қазір қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистикалық стильдің пайда болуы ең алдымен мерзімді баспасөздің тууына байланысты. Публицистикалық стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, әлеуметтік очерктер тілінің стилі жатады.

Қазіргі қазақ әдеби тілі жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік, ерекшеліктерімен дамып келеді. Бұл – қазақ халқының баспасөз мәдениетінің, тілдік-қоғамдық санасының өскендігінің айғағы.

Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихат сипат береді.

Көркем әдебиет тілі


Көркем әдебиет тілі – әдеби тілдің негізгі көрсеткіші.

Ұлттық өнер – дамыған әдебиет – әдеби тіл байлығы деп танылады.



Көркем тіл стилі қазақ тілінің басқа да функционалдық стиль түрлерінен ерекше эстетикалық қызметімен ажыратылады.

Көркем әдебиет тілін тану екі бағытта жүргізіледі:


Жалпы ұлттық әдеби тілдің даму барысындағы көркем әдебиет тілінің орны;

Жеке жазушының сөз мәнері

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет