1. Аналитикалық геометрия мен векторлық алгебраны оқытуда Maple11 жүйесін қолдану.
2. Элементар математика пәнінің оқу нәтижелері <Элементар математика>> курсын толығымен меңгеру үшін математиканың келесі негізгі сұрақтарын әрбір студент білуге тиіс. Арифметика. Бөлінгіштіктің қасиеттері. Арифметиканың негізгі теоремасы. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік. Евклид алгоритімі. Рационал сандардың g-лық бөлшекпен жазылу. Комбинаторика. Математикалық индукция әдісі. Ньютон биномы. Терулер, салыстырулар және алмастырулар. Ықтималдықты есептеуге арналған комбинаторлық есептер. Комбинаторлық тепетендіктер. Элементар функциялар. өрнектерді теңбе-тең түрлендіру. Теңдеумен теңсіздіктер. Тригонометрия. Параметрлі есептер. Планиметрия. Абсолют геометрияның аксиомаларымен анықтамалары. Негізгі геометриялық объектілер және олардың қасиеттері. Жазықтықтағы фигуралардың ұқсастығы. Іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар. Жазықтықтағы геометриялық салұлылар. Стереометрия. Стереометрияның аксиомаларымен анықтамалары. Кеңістікткгі тізу мен жазықтықтардың паралельдігімен перпендикулярлығы. Көпжақтар. Геометриялық денелердің бет аудандарымен көлемдерін есептеу.
" Элементар математика " курсының мақсаты Студенттерге қолданбалы есептерге математикалық талдау жасай алу іскерлігін қалыптастыру, аталған есептерді зерттеу және шешудің негізгі математикалық әдістерін меңгерту.
Курсты оқытудың негізгі міндеті Іргетасты математикалық дайындықты жоғарылату, курстың қолданбалы бағытын арттыру, қолданбалы есептерді шешуде студенттердің математикалық әдістерді пайдалануға бағыттап оқыту, студенттерде логикалық және алгоритмдік ойлауды қалыптастыру, студенттердің өз бетімен математикалық білімді алып, оны тереңдетуге дағдыландыру. Курсты өткеннен кейінгі білімі мен дағдысы: Арифметиканың, алгебраның және элементар функциялардың негізгі ережелерін білу.
-Теориялық қағидаларды мектеп математика курсының есептерін шығаруда қолдану іскерліктері мен дағдылары.
- өмірде кездесетін практикалық жағдайларда математикалық әдістерді қолдану. - математикалық түрде қалыптасқан есептерді шешу және зерттеу әдістерін меңгере білу; - студент қарапайым сандық әдістерді жетік білім, оны есептеу машиналарында іске асыру деңгейіне жету, меңгеруі тиіс;
Курстың пререквизиті: Студент мектеп математика курсының материалын және математикалық әдебиеттер мен жұмыс істей білуі керек Курстың постреквизиті: жоғары оқуорнында оқытылатын математика пәндерінің ең басқы әрі іргетастық курсы болып табылады. Осы курстан кейін дифференциалдық теңдеулер теориясын, функционалдық анализ, нақты және комплекс айнымалылар функциясының теориясын, математикалық логика, сонымен қатар ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика негіздерін оқуға болады.
3. ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуды жүйелі-әдістемелік қамтамасыздандыру