2 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің «б» сыныбына Мінездеме «б» сыныбында 25 оқушы бар. Оның 10



Дата18.10.2022
өлшемі21,28 Kb.
#43812
Байланысты:
Мінездеме Алтынгүл


22 Әлия Молдағұлова атындағы


орта мектебінің 6 «б» сыныбына


Мінездеме

6 «б» сыныбында 25 оқушы бар. Оның 10 ы ұл бала, 15 - і қыз бала. Олардың 4 - і оқу озаты, 10 - ы екпінді, 11 - і орташа оқиды. Сынып жетекшісі Егингалиева Айнұр Орманова. Сынып оқушылары арасында сынып әкімі, оқу секторы, тазалықшы, спорт секторы, Нұрай Дария сияқты міндеттерді атқаратын оқушылар бар. Оқушылар бір - бірін сыйлайды, тыңдайды. Әрдайым бір - біріне көмек беруге дайын және достық қарым - қатынаста. Сынып өте ұйымшыл. Шығармашылық жұмыстарға өте белсенді. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген. Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Сынып жетекшісі үлгерімі төмен оқушылармен сабақ соңында уақыт бөліп жұмыстанады. Себепсіз сабақ қалдырмайды.


Балаларының сабақтарына ата - аналар жиі қатысып тұрады. Тоқсан соңында ата – аналар жиналысы болып, балалардың сабақ үлгерімі, тәртіптері талқыланады. Сынып жетекшісі де ата - аналарымен тығыз байланыста отырады.
Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Спорт жарыстарға Диас, Елдос, Мирас, Ернар, Жалғас, Олимпиадаға Нұрай, Альбина, Жалғас, және т.б. Тәрбие сағатына Кәусар, Айдос, Ернар, Асқар т.б. барлық оқушыларда белсенділік танытып қатысты.
Машық кезінде 6 «б» сынып оқушыларымен тығыз қарым - қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір - бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым.
Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.

Сынып жетекшісі :


Мектеп психологы :

«Каспий өңірінің қазіргі заманғыжоғары колледжінің»
«Негізгі орта білім беру» мамандығының 4 курс студенті
Қадырова Алтынгүл Абдукәримқызына

Мінездеме
Қадырова Алтынгүл Абдукәримқызы 31.01.22 – 19.03.22 ж. ж. аралығында, Атырау қаласының № 22 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінде «Дипломалды» іс - тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында әртүрлі тақырыпта 9 сабақ өткізіп, пәндерді орташа деңгейде меңгергендігін көрсетті.
Алтынгүл сабаққа мұқият дайындалып, оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар мен көрнекі материалдарды қолданды. Тапсырмаларды орындау кезінде қызығушылық пен белсенділік танытып, қойылған талаптарды уақытылы және шебер орындай алды.
Күнтізбелік оқу жоспары, сынып журналы және оқушылардың тәрбие жөніндегі құқықтарымен құжаттама түрлерімен таныстырылды. Сабақ жоспарын сынып жетекшісімен талқылап отырды.
Алтынгүл өзін ұжымшыл, оқушыларымен жылдам тіл табысуды білетін және өз бетінше шешім қабылдай алатын білікті маман ретінде көрсетті. Мектеп әкімшілігі тәжірибеден өтушіні «өте жақсы» деген бағаға лайық деп санайды.

Сынып жетекшісі : Мұхангалиева М. Д


Мектеп директоры : Салиева А. К

22 Ә. Молдағұлова атындағы орта


мектебінің 6 «б» - сынып оқушысы
Алшынбекқызы Кәусарға
Мінездеме
Алшынбекқызы Кәусар 6 «б» сыныбында оқиды. Кәусардың тәртібі жақсы, сыныпта көңілді жүреді, салмақты сабақ үлгерімі орташа. Сыныптастары мен өте жақсы араласады. Ол сабақтан бөлек жарыстарға немесе үйірмелерге бос уақытында қатысады. Сабаққа белсенді түрде қатысып, отырады. Кәусар өте ақкөңіл ешкімге ренжімейді, мұғалімдері мен тез тіл табыса біледі. Мектепке кешікпей уақытылы келеді. Мұғалімдерді сыйлап, айтқандарын екі етпей орындайды. Тапсырмаларды сынып пен бірге бірлесіп орындай отырып, бір – бірлеріне түсіндіріп көмектеседі. Болашақта Кәусар Ата – анасының үмітін ақтап мектепті үздікке бітіріп, білімді өнерлі азаматша болатына сенімдімін.
Сынып жетекшісі :


Сингармонизм
Позициялар
Тілдік құбылыстар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет