М.Маметова атындағы №35 мектеп
Сынып ұжымына мінездеме
7 «З» сыныбында 24 оқушы бар. Оның 12-і ұл бала, 12-ы қыз бала.Олардың 6-ы оқу озаты, 10-і екпінді, 8-і орташа оқиды. Сынып жетекшісі Таңатарова Г. Сынып оқушылары арасында сынып әкімі, оқу секторы, тазалықшы, спорт секторы, гүлзар сияқты міндеттерді атқаратын оқушылар бар. Оқушылар бір-бірін сыйлайды, тыңдайды.
Әрдайым бір-біріне көмек беруге дайын және достық қарым-қатынаста. Сабаққа белсене қатысады, үйге берілген тапсырмаларды мүмкіндіктеріне қарай орындап келеді. Әр түрлі әдістермен берілген тапсырмаларды тез түсініп, дұрыс орындайды. Сынып топпен, жұппен жұмыстануға үйренген.
Сыныптан тыс шараларға өте жақсы белсенділікпен қатысады. Сынып жетекшісі үлгерімі төмен оқушылармен сабақ соңында уақыт бөліп жұмыстанады. Себепсіз сабақ қалдырмайды.
Балаларының сабақтарына ата-аналар жиі қатысып тұрады. Тоқсан соңында ата – аналар жиналысы болып, балалардың сабақ үлгерімі, тәртіптері талқыланады. Сынып жетекшісі де ата-аналарымен тығыз байланыста отырады.
Оқушылар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Өлең айтудан Асылай, Мақсат және би билеуден Эльдар , Аружан аудандық сайысына қатысады.
Практика кезінде 7 «З» сынып оқушыларымен тығыз қарым-қатынаста болып, әр оқушының мінезін танып білдім. Осы оқушылармен жұмыстана отырып, олардың бір-бірімен тату екендігіне, көмек қолын созуға дайын отыратындарын, сабаққа аса қызығушылық танытатындарын, ұйымшыл, бауырмал екендерін байқадым. Бұл сыныптың оқушыларының осындай қасиеттеріне сүйсіне отырып, болашақта білімді де білікті азамат пен азаматша болатыныма сенімдімін.
Практикант: Абдраимова Альфина
М.Маметова атындағы №35 мектеп
Мінездеме
Якубов Марат 2010 жылы туылған. М.Мәметова атындағы №35 мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Әдебиет пәнінен үлгерімі төмен, буындап оқиды. Мазмұндап айтады. Қазақ тілі пәнінен өтілген тақырыптарды меңгеруі қиын, жатжазу жаза алмайды, грамматикалық тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз орындай алмайды. Математика пәнінен білімі төмен, есептерді ересектердің көмегінсіз шығара алмайды.
Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды орындауы қиын. Көбейту таблицасын білмейді. Бақылау жұмыстарын қанағаттанарлық емес бағамен орындайды. Математикадан 4 сынып бағдарламасын меңгеруі қиын.
Танымдық аймағы қалыптасуда, айналадағы қоршаған орта туралы білімі толығуда. Ой әрекеті, зейіні дамуда. Есте сақтауы да біршама жақсарды.
Жалпы психикалық қабілеттерінің дамуы өз жасына сай толық дамымаған, кідірісте.
Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысады, сахнада билеп, ән айтып өнер көрсетіп, марапаттауларға ие. Спорттық жарыстарға үнемі қатысады, көптеген марапаттаулары бар. Өзіне өзі қызмет көрсетуі дамыған, ұқыпты, үсті басын таза ұстайды.
Мектептегі балалармен шиеленісте болмайды, достарына сыйлы. Марат толық, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиленеді. Ата - анасы бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.
Практикант: Абдраимова
М.Маметова атындағы №35 мектеп
Жақсы оқушыға мінездеме
Сапарбек Эльдар 2009жылы туылған. М.Мәметова атындағы №35 мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Тимур толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі.
Жалпы, Эльдар сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Эльдар өз білімін жан – жақты жетілдіреді.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады.
Эльдар мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Эльдар болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді.
Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой - пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Практикант: Абдраимова Альфина
Достарыңызбен бөлісу: |