2 Есептік-графикалық жұмыс


Жел энергетикасы қондырғысы



бет2/9
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#139767
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АНСАР ИВИЭ

Жел энергетикасы қондырғысы — жел ағынының кинетикалық энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы. Жел энергетикасы қондырғысы жел агрегатынан (жел қозғалтқышы мен бір немесе бірнеше жұмыстық машиналарды біріктіреді), энергияны аккумуляттаушы (қорын жинаушы) немесе қуатты резервтеуші құрылғыдан және бірқатар жағдайларда қосалқы қозғалтқыштан (ең алдымен жылулық қозғалтқыштан), сондай-ақ, қондырғының жұмыс режимдерін автоматтық басқару (реттеу) жүйелерінен тұрады. Жел энергетикасы қондырғысы арнайы қолданыстық (сорғылық немесе су көтеруші, электрмен зарядтаушы, диірмендік, су тұщыландырушы, т.б.) жел энергетикасы қондырғысы және кешенді қолданылатын жел энергетикасы қондырғысы (жел электр станциялары) болып ажыратылады. Жел электр станциясы — желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы генераторынан, олардың жұмысын басқаратын автоматтық құрылғыдан, оларды орнату және қызмет көрсетуге арналған құрылыстардан, ғимараттардан тұрады. Желсіз күндерде жұмыс жасауы үшін резервтік жылулық қозғалтқышпен, аккумулятор батареяларымен, гелиоқондырғылармен толықтырылады. Әдетте, жел электр станциясы тұрақты ток генераторларымен жабдықталады. Ол аккумулятор батареяларын зарядтайды. Ал тұтынушыларға қажетті айнымалы ток инвертор деп аталатын арнайы құрылғыдан алынады. Инвертор тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жел электр станцияларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданады. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 кВт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысы жобаланудаҚордай жел электр станциясы — Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қордай ауылынан 30 км жерде орналасқан жел электр станциясы.Жел электр станциясы Алматы-Бішкек тас жолының жанында орналасқан.

Тарихы:
«Жамбыл облысындағы қуаттылығы 21 МВт Қордай жел электр станциясының құрылысы» техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭЖ) әзірлеуді «Қазселэнергопроект институты» ЖШС жүргізді және 2012 жылы аяқталды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 6 м/с асатын аумақтар анықталды. Нәтижесінде Қордай маңындағы учаскенің пайдасына шешім қабылданды, өйткені 40 м биіктікте (БҰҰДБ мәліметтері бойынша) орташа көпжылдық жылдамдығы 6,6 м/с болатын жел әлеуеті бар. Жел электр станциясының құрылысы үш кезеңге бөлінді. Жобаның бірінші кезеңінде немістің Nordex компаниясынан әрқайсысының қуаты 1 МВт болатын төрт жел қондырғысы орнатылды, монтаждау жұмыстары 2013 жылдың 21 қазанында басталды. Олар 2013 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Екінші кезеңде сол кәсіпорынның 17 қондырғысы орнатылды. Үшінші және соңғы кезеңде электр станциясын жақсарту жұмыстары жүргізілді. 2015 жылдың қазан айында соңғы он жел қондырғысы іске қосылды.
Жел электр стансасынан басқа қуаттылығы 16 МВ•А екі трансформаторы бар 110/10 кВ «Қордай СЭС» жоғары вольтты қосалқы станциясы және электр жүйесімен байланыс үшін 2,4 км 110 кВ электр беру желісі салынды. Әрбір жел қондырғысының жанында 10/0,69 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар орналасқан.
Станция құрылысы кезінде 40-қа жуық уақытша жұмыс орны ашылды. Қазірдің өзінде салынған электр станциясында тек 9 адам тұрақты жұмыс істейді.
Жел паркінде Nordex[de] мұнарасының биіктігі 60 м және роторының диаметрі 54 м[3] 21 бірдей жел генераторы бар.
Жобаның құны 43,5 миллион долларды құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет