2 Есептік-графикалық жұмыс


Күн электр стансасы жұмысының өз ерекшеліктері бар



бет4/9
Дата15.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#139767
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АНСАР ИВИЭ

Күн электр стансасы жұмысының өз ерекшеліктері бар. 192 мың күн панелінен жиналған тоқ қуаты 32 инверторлық станцияға беріледі. Мұндағы қуат орталық стансаға жалғанған. Осылайша топтасқан электр қуаты «KEGOC»-тың торабына беріледі. Станса қызметкерлерінің айтуынша, олардың міндеті осы арада аяқталады. Тоқты қажеттілікке жұмсау «KEGOC»-тың құзіретінде. Айта кетерлігі, әзірге күн қуатынан алынған электр энергиясының құны дәстүрлі түріне қарағанда қымбаттау. «Оның себебі, жобаны жүзеге асыруға жұмсалған қаржының аз еместігінде жатыр. Станса өз құнын өтегеннен бастап қуат құны арзандайтыны сөзсіз», – дейді жоба менеджері Павел Комнаревцев.
192 мың панельді бақылап отыру бір компьютерге байланған. Осы арада жауапты мамандар бәрін көз алдында ұстап отырады. Алда-жалда бір панельден ақау шықса, осындағы монитордан көрінеді. Ондай жағдайда жөндеуші мамандар бұзылған панельді қайта қалпына келтіреді. Жалпы, «Бурное Солардың» құрылысына 300-ге жуық жұмысшы тартылған. Ал бүгінде мұнда 40-қа жуық адам қызмет етеді.
Өкінішке қарай, күн электр стансасының кемшілігі де бар. Күн көзі көрінбей қалған, бұлтты күндері өндіру қуаты 5 есеге дейін түсіп кетеді екен. Мәселенің бәрі күн шуағына тікелей байланысты. Бір қызығы, қуат жинақтауға ауа райының ыстық-суықтығы әсер етпейді. Керісінше, жаздың аптап ыстығында күн панельдері қоңыржай уақытқа қарағанда азырақ электр өндіреді. Сондықтан, жобаны Жуалыда, тау етегіне жүзеге асыру жоспарланған.
Қыста күн шығып тұрса, панельдер әдеттегідей қуат жинақтайды. Алайда, күн қысқа болғандықтан, өндіретін электрдің жалпы мөлшері азаятын көрінеді. Сондай-ақ, жауған қардың станса жұмысына келтіретін кедергісі шамалы. Қар қанша қалың жауса да, күн түскенде панель қызып, қарды ерітіп жібереді екен. Әрі оны тазалап шығу да оңай емес. Әр қатардың бір басынан екінші басына жүріп өту үшін кемінде 10 минут кетеді. Ал мұндай қатардың саны – 180. Осы орайда қардың өздігінен еріп кетуі жұмысты жеңілдетеді.
«Осы кемшіліктерді ескере келе электр қуатын жинақтап тұратын аккумулятор сатып аламыз ба деп ойлаған едік. Әр панельге жеке-жеке аккумулятор керек. Бірақ олардың бәрін сатып алсақ, қазіргі станса құнымен бірдей болады екен. Әрі ондай аккумуляторлардың қызмет көрсету мерзімі – 15 жыл. Яғни, сол мерзімнен кейін станса салуға жұмсаған қаржыны қайта құюға тура келетін еді. Сондай-ақ, аккумулятор пайдаланғанда кететін электр шығыны көбейіп кетеді. Осыларды ескере келе, қазіргі күйінде қалдыруды жөн көрдік», – дейді Иван Заварин.
«Бурное Солар 1» жобасы Еуразиялық қайта құру және даму банкі тарапынан да жоғары бағаланды. Лондонда өткен жыл сайынғы бас қосуда ЕҰДБ өкілдері, «Бурное Солар»-ға арнайы сыйлық табыс етті.
Әзірге «Бурное Солар – 1» 50 МВт қуатпен жұмыс істеп жатыр. Болашақта аталған мөлшерді 100 МВт-қа дейін жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта «Бурное Солар – 2» жобасы жүзеге асырылады. Айта кетерлігі, жобаның екінші бөлігіне күн панельдері «Экспо – 2017» жазу үлгісінде қойылмақ.
Жамбыл облысында «Бурное–Соляр-1»-дан басқа да баламалы энергия көздері салынып жатыр. Мәселен, 2012 жылы Қордай ауданында қуаты 7 МВт-тық «Отар» күн электр стансасы және қуаты 1,5 МВт-тық жел электр стансасы пайдалануға берілді.
Жуалы ауданындағы "Бурное Солар" күн электр станциясы бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен нысан болып саналады. Алпауыт станция 224 гектар алқапты алып жатыр. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Бұл 70 000 үйге қажетті қуат көзі.
Биыл нысанының 2-кезеңінің құрылысы аяқталып, қуаты 50 МВт болатын "Бурное Солар-2" жобасы іске қосылды. Жоба құны 26 миллиард теңге. Бұл компаниялардың барлығы да, өндірген энергиясын оны таратумен айналысатын арнайы мекемелерге тасымалдайды. 2020 жылға қарай бұл тізім тағы толығып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің 60%-ын баламалы қуат көздерінен алады деп жоспарланып отыр. Ал, жұмысқа 90 пайыз жергілікті тұрғындар тартылады.
Күннен қуат өндіретін жобаның екінші кезеңі EXPO-2017 көрмесі аясында қолға алынған болатын. Жалпы жоба 15 жылда өз құнын ақтайды. Мәселен, бірінші кезеңі іске қосылғалы мұнда құны 6 миллиард теңге көлемінде ток өндірілген. Толық қуатқа шықса, өнім екі еселенбек.
БАӘ компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «Masdar» компаниясының Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті. Келіссөз барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады, деп хабарлайды
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ауқымды жел электр станциясын салу жөніндегі бастамасын қолдаған. Сонымен қатар президентке State Power Investment Corporation компаниясының Қазақстанда жел электр станцияларына арналған құрал-жабдық өндірісін іске қосу ниеті туралы мәлімет берілген. Тағы да оқыңыздар:
Өз кезегінде Цянь Чжиминь әлеуметтік жауапкершілік аясында оның компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 200 ГКаллға дейін жететін жылу станциясын салуды жоспарлап отырғанын жеткізген. Сондай-ақ кездесуде State Power Investment Corporation компаниясының технологиялық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі мол екені ескеріліп, "жасыл" сутегі өндірісі саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылған.
Жел энергетикасы энергияның ең ертеден келе жатқан көзі. Бұл көптеген жүз жылдар бойы диірменде, ағаш кесуде, қажетті жерлерге су жеткізуге арналған жүйелерде және т.б. пайдаланылған. Олар сол сияқты электр энергиясын алу үшін де қолданылды, бірақ үлесі аз болды.
Әр түрлі авторлардың бағалауынша Жер бетіндегі жел энергиясының әлеуеті 1200 ТВт дейін жетеді, бірақ осы әлеуетті қолдану Жер бетінің әр төңірегінде бірдей емес. Вертикал қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты энергияны түрлендіруге жеткілікті болуы үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы қажет. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500 Вт/м2-қа (желдің жылдамдығы 7 м/с) жететін жерде орнатылған жел энергетикалық құрылғысы 500 Вт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет